ОРАЛДА АПАТТЫ ҮЙЛЕР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
Орал қаласы аумағындағы тозған және апатты үйлер мәселесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша оң шешіліп келеді. Аталмыш бағдарлама жүзеге асырыла бастаған 2015 жылдан бастап 17 үй бұзылған. Орнына жаңа үйлер бой көтеруде. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы апатты үйлердің азайғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта уақытша қоныс аударғандар – 133 отбасы, оның ішінде жартысы жергілікті атқарушы органның теңгеріміндегі тұрғын үйлерге орналастырылған. қалған 50 пайызын құрылыс салушылардың өздері жеке тәртіппен көшірді.
– Бүгінгі күні бағдарлама бойынша 4 үй салынып, эксплуатацияға тапсырылды. соның ішінде биылғы жылы екі көпқабатты тұрғын үй берілді. Олар – Гагарин көшесі 1 мекенжайы бойынша 12 пәтер кілті табысталса, Құрманғазы көшесі 198 мекенжайында 8 пәтер қолданысқа тапсырылды. Барлығы 68 отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды, соның ішінде 25 отбасы тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар, – деді Абат Абайұлы.
Қазіргі таңда қалада 41 апатты үй бар. Биыл алты апатты үй бұзылған. Келесі жылы бес апатты және ескі үйді бұзу жоспарлануда.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу