ОРАЛДА АБАЙ ДАҢҒЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ
Биыл қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына 175 жыл толды. Осыған орай ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланғаны белгілі. Сондай-ақ Орал қаласындағы бұрынғы Еуразия даңғылы жұртшылықтың ұсынысымен Абай даңғылы болып қайта аталғанын жазған болатынбыз. Бүгін қазақ өнерінің майталмандары мен зиялы қауым өкілдері қатысуымен Абай даңғылы салтанатты түрде ашылды.

– Биылғы жыл – Абай жылы. Ұлы ақын, ғұлама Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында түрлі деңгейде игі шаралар өтуде. Абайға арналған әр шара өз мәнін жоймайтынына куәміз. Биыл қаладағы Абай алаңы абаттандырылып, қарасөздері жазылған тақтатастар орнатылды. Қала күндері шеңберінде екі күн бойы Ақ Жайықтың қос шынары Жұбан Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиевке арналған игі шаралардың жалғасы іспетті бүгін Абай даңғылы ашылуда. Осы шараға қазақ елінің зиялы қауымы, мәртебелі қонақтардың қатысуы – біз үшін үлкен мәртебе, – деп салтанатты шараны ашқан қала басшысы Абат Шыныбеков Орал қаласындағы ең әсем даңғылға Абай атамыздың есімінің берілуі – қалалықтардың көтерген ұсынысы негізінде жүзеге асқанын атап өтті.

Ал Театр және кино актеры, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов: – «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп айтқан Абай міне, жандарыңызда тұр. Кешегі Жұбан мен Қадырды өлді деп кім айтады? Халқым аман болса, 1000 жылдығы да өтеді. Абайдың қарасөздері әркімнің ойында болуы керек. Мен кейде мешіттің молдаларына «Сендер жаттанды сөздеріңді айта бермей, Абайдың қарасөздерін елге танытыңдар» деп айтамын. Абай – мақтанышымыз. Абайдың ұрпақтары жасай берсін, – деді тебірене.
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Абай ұлтымыздың ұстазы, халқымыздың темірқазығы, мемлекетімізге бағыт сілтеп тұрған жарық жұлдыз екенін тілге тиек етіп: – Көше атауының қасына ақынның «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек» деген сөзі жазылыпты. Толық деген кемел адам деген сөз. Толықтықты Абай атамыз екіге бөледі. Адамдыққа толық адам, сосын надандыққа толық адам. Біз соның адамдыққа толық адам деген жолын ұстанамыз. Орал таңғажайып қазақтың қаласы Абай жырымен нұрланғандай болып тұр. Еуразия деген жаттанды ат сияқты, соған Абайдың жырының нұры түсті бүгін. Осы көшенің сәулесі бүкіл Оралды жарықтандырды. Осы көшеде тұратын тұрғындар басқаларға қарағанда бақыттырақ секілді көрініп тұр маған. Бірақ мен Тәуелсіздік алғаннан бері отыз жыл ішінде Орал қаласында Абайдың көшесі болмады дегенге таң қалып тұрмын. Осы көшеге Абайдың атын беру, ұлыны ардақтау биылғы Абай жылында, сосын Жазушылар одағының ұсынысымен Абайдың туған күні «Абай күні» аталмаса бұл қала Абайсыз жүре ме, сонда?! Көшелеріңіз құтты болсын. Абайдай өмір сүрейік, абайлап өмір сүрейік, – деген ашық ойын бүкпесіз жеткізді салтанатты рәсімде.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу