8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2021 1039 0
Қоғам

ОРАЛДА 6 300-ДЕН АСТАМ БҮЛДІРШІН 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін қала мектептерінде алғашқы қоңырау үні сыңғырлай соғылды. №21  орта мектептегі салтанатты жиынға қала басшысы А.Шыныбеков арнайы қатысты. Ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар осы сәтті асыға күткенін ерекше атап, тарыдай болып енген балалардың  таудай болып, терең біліммен қанаттанып шығуына тілектестігін білдірді. 

– Міне, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында алғашқы қоңырау салтанатына жиналдық. Әлемді жайлаған пандемия жағдайында жыл жарымдай уақыт балаларымыздың оқу әдісі өзгергенін баршаңыз білесіздер. Бұл біздің көптен күткен мерекеміз. Білім беру – ұлағатты іс. Жас жеткіншектеріміз тәуелсіз Қазақстанның болашағы, ертеңі. Қала мектептерінде биыл 55 мыңнан астам оқушы білім алады. Соның ішінде 6300-ден астамы мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. Жыл санап оқушылар саны 2700-3000-ға көбейіп келеді.  Сондықтан мемлекет тарапынан мектептердің әлеуметтік-инфрақұрылымдық жағдайын жақсарту мақсатында күрделі  жөндеу, жаңа мектептер салу жұмыстары жалғасын тауып келеді. №21 орта мектептің  ғимараты да өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жөндеуден өтіп, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалды, – деген Абат Абайұлы білім әлеміне қадам басқан оқушыларға таудай талап тіледі.

№21 орта мектепте биыл 1483 оқушы оқиды. Бірінші  сыныпқа 180 ұл-қыз қабылданған. Салтанатты  шарада 1  сынып бүлдіршіндері өлең оқып, ән шырқады. Ұстаздарымен бірге  қоңырау соғып, жаңа оқу жылының бастау алғанын сездірді. Сондай-ақ жиын барысында мектеп басшысы әр сынып жетекшісіне «Әліппе», «Букварь»  оқулығын табыс етті.

2-11 сыныптар үшін «Тәуелсіздік жетістіктері»  тақырыбындағы сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова атап өткендей, білім мекемелерінде шәкірттердің қауіпсіздігі үшін дайындық жұмыстары жүргізілген. Дабыл түймелері  қойылып, ол ішкі істер органымен байланыстырылған. Сондай-ақ бейнебақылау камереларын орталыққа байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек мектептегі  қауіпсіздікті мамандандырылған күзет қызметі қамтамасыз етеді.  Әр білім ұйымына «Ашық» қосымшасы енгізілді, оқушылар әр түрлі есіктен кіретін болады, санитайзер, қажетті дезифекциялық құралдар толық алынған және сабақтар «Бір сынып – бір кабинет»  қағидасымен жүргізіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
351 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
359 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
490 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
786 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
885 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1123 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1387 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1616 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1652 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1805 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2001 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2225 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2312 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»