8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қыркүйек 2020 1227 0
Дені сау ұлт

ОРАЛДА 200 ОРЫНДЫҚ МОДУЛЬДІ АУРУХАНА САЛЫНУДА

Оралда жұқпалы ауруларға қарсы 200 орындық модульді аурухана салынып жатыр. Операция және жүкті әйелдерді босандыру залдарынан бөлек, 8 бөлім болмақ. Құрылыс жұмыстары 10-шы қарашаға дейін аяқталуы тиіс.


Аурухана барлық заманауи қондырғылармен жабдықталады. Ғимараттың желдеткіш жүйесіне ерекше мән берілмек. Мәселен, ақылды палаталарда есік ашылғанда іштегі ауа дәлізге шықпайды. Осылайша инфекцияның ауа арқылы таралуына жол берілмейді. Бүгінде құрылыстың 30 пайыздан астамы атқарылған. 200 кереуеттік медициналық нысанның 180 кереуеті стацинорлық орынға арналған. Құрылысқа жауапты мердігер – «KAZPACO» құрылыс компаниясы. Мекеме өкілдерінің айтуынша, 20 техникамен 300-ден аса жұмысшы емдеу нысанын межелі уақытта пайдалануға беру үшін тер төгуде. Құрылыс материалдары толықтай әкелінген.
Бұл жұмыстардың барлығы қытай инфекциясының екінші толқынын ауыздықтау үшін атқарылып жатқан шаралар. Ал емдеу орны эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған соң, өзге әлеуемттік нысанға айналатын болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, облыста дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Кешегі күні облыс бойынша сровид 19 инфекциясын жұқтырған 7 дерек тіркелді.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
94 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»