ОРАЛДА 10 ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуы үшін Орал қаласының оқу орындары, мемлекеттік мекемелері және «Citycenter» ойын-сауық орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ашылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаевтың айтуынша, короновирус инфекциясының таралуын болдырмауға мейлінше жағдай жасалуы керек. «Ақпараттық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің және облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тікелей тапсырмасы бойынша аталмыш өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары қаламыздың әр жерде орналасқан аудандарынан ашылып отыр. Бұл секторлар электрондық қызметтерді халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінбестен, өз бетімен алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы ХҚО бөлімдерінде адамдардың көптеп жиналуын болдырмауды көздеп отырмыз», – дейді Н.Құрымбаев.
Аудандық ХҚО бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бұрыннан да жұмыс жасайды. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктен алуға болады.
Бүгінгі таңда 70-тен астам қызмет түрін eGov mobile қосымшасы арқылы алуға болады. Қосымшаны Google Play немесе AppStore арқылы жүктеп алып, тіркелу кезінде ЭЦҚ алса болады. eGov mobile-дағы«Екпе паспорты» қазіргі күні ең өзекті сервис саналады. Кез келген сұрақ бойынша 1414 байланыс орталығына хабарласып, «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандарының кеңесіне жүгінуге болатынын ескертеміз.
Анықтама үшін: Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі 687 қызметтің 91,5% электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы қолжетімді.
| Мекеменің атауы | Мекенжайы | Жұмыс кестесі |
| Орал қ. Мемлекеттік кірістер басқармасы | Некрасов көш. 30/1
Салық комитеті аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. |
| Орал қ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | Қ.Аманжолов көш. 69/1
Банк аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| М.Өтемісов ат.Батыс Қазақстан университеті | Н.Назарбаев ат.даңғыл 162
Пединститут аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| Жәңгір хан ат.Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті | Жәңгір хан көш. 51
БҚАТУ (Агроуниверситет) аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| Ж.Досмұхамедов ат. Педагогикалық колледж | 8-Март көш. 198/1
М.Мәметова аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| Құрманғазы ат. Музыкалық колледж | А.Құсайынов 38
Ахмедияр батыр аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| «Жоғарғы агро-техникалық колледж» МКҚК | Т.Масин көш. 48/1
Л.Толстой аялдамасы (Құрманғазы көш.) |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| Орал ақпараттық технологиялар колледжі | А.Каримуллин көш. 2/1а
5 лицей аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| «Отбасы банк» АҚ филиалы | С.Датов көш. 28
Құрылысшы аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
| «City center» ОСО, 2-қабат | Абай даңғылы 101
Әмбебап дүкен аялдамасы |
Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу