8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2020 1017 0
Өзек

ОРАЛДА 1,5 ЖЫЛ БҰРЫН ШАТЫРЫ ОПЫРЫЛҒАН ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ӘЛІ ШЕШІЛМЕГЕН

Шатыры ортасына түскен апатты үй тұрғындары тұрғынжай мәселесі әлі біржақты болған жоқ деп шағымдануда. 2019 жылдың ақпанының 8 жұлдызында таңғы сағат 05.00-де қалың қарды көтере алмаған Мұхит көшесі, 124/2 мекенжайындағы үйдің шатыры ұйқыда жатқан уақытта құлап, тұрғындарға қауіп төндірген болатын. Арада жыл жарым уақыт өтсе де мәселе сол күйі қалып отыр.

Қайрат Әйтімов қираған баспанада 10 жылдан астам уақыт тұрдым десе, Вера Сапункова 23 жыл аталған баспананның иесі екенін айтады. Жыл жарым уақыттан бері қираған үй тұрғындары ескі баспаналарының орнына бой көтеруі тиіс тұрғынжайдың құрылысы сағызша созылып кетті дейді. Мемлекет ұсынған үйді паналап жүргендер алдағы уақытта айдалада қаламыз ба деп қорқатындарын жасырмады.

Мұхит көшесі, 124/2 мекенжайындағы апатты үйде 13 отбасы тұрды. Олар қауіпсіз мемлекет ұсынған жалдамалы пәтерге көшірілді. Жатаған үйдің салынғанына 40 жылдан асқан. Бұл орында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаз түсісімен жаңа үй салу жоспарланған еді. Яғни өткен жылдың жаз айларында бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланған. Сала мамандарының айтуынша, аталған мекенжайдың жанында қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемесі болуы себепті құрылыс кідіріспен басталмақ. Яғни тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда дейді шенеуініктер.

– Жер кодексінің аймақтар мен жерлерді пайдалану режимі бойынша БҚО қылмыстық атқару жүйесі департементінен арнайы көппәтерлді баспана тұрғызуға рұқсат қағазын алуымыз керек. Бұл жұмыс көп ұзамай шешілуі тиіс. Басты кедергі еліміздегі ахуалға байланысты болып отыр. Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ, –  дейдіТұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

Құрылысқа жауапты мердігер компания жер мәселесін қалалық әкімдік шешкен бойда су жаңа тұрғын үйдің құрылысын бастайтынын айтты.  Шамамен жаңа көп қабатты баспана 2 жыл ішінде тұрғызылатын болады.

Айта кетейік, бүгінде Оралда барлығы 41 апатты үй бар.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
64 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
107 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
124 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
127 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
211 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
207 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
214 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
297 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
553 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
744 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
874 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
884 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
960 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1362 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1380 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1457 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1544 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1751 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1749 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»