ОРАЛ ЖАСТАРЫ «МЫҢ АЛҒЫС» АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық өнер және мәдениет орталығы жанында облыстық және қалалық жастар рестурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне арналған «Мың алғыс» жастар акциясы өткізілді.

Акцияны өткізудегі мақсат – жастарға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, ұлттар арасындағы қарым-қатынасты дамыту, қала жастары арасында ұлттық сананы қалыптастыру. Шара қазақ жерін мекен етіп, бір атаның баласындай ұйысқан өзге ұлт өкілдерінің атынан айтылған алғыс сөздермен басталды.
Олан соң белсенді жастар арқан тартыс және де қол күрес сайыстарынан сынға түсті. Нәтижесінде арқан тартыс сайысы бойынша «Жәңгір хан ұрпақтары» командасы бәсекелестерінен мықтылықтарын көрсетті. Екінші орынды БҚАТУ-дың машина құрылысы факультеті командасы, үшінші орынды БҚУ-дын спорт факультеті алды. Қыз балалар арасындағы арқан тартыста – Махамбет жастары бірінші орын, Stud Fest командасы – екінші, «Батыс қамқор» бірлестігі – үішнші орынды иемденді.
Ер балалар бақ сынасқан қол күресі сайысы бойынша Әбдіманат Қайыржан, Әділгерев Арслан, Бақтыгерев Ержан үздік үштіктен көрінді.
Сайыстарға белсене атсалысқан жастарға шара соңында кубок-медальдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу