8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2019 2228 0
Қоғам

ОРАЛ ЖАСТАРЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛ АЙТЫП, ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Орал қаласының өрендері мақалмәтел айтып, білгірлік сайысына түсті.

Бүгін Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» атты сайыс ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.  Жастар жылы аясында өткізілген шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің тіл мәдениеті деңгейін көтеру. Аталмыш бөлім басшысы Қуанышбек Мұқанғалиевтың айтуынша, М.Горький атындағы қалалық кітапханада өткен алғашқы іріктеу кезеңіне 34 жас қатысқан. Іріктелген 13-іне қорытынды кезеңге жолдама берілген.

– Жастар жылы аясында қаламыздағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірқатар шараларды жоспарладық. Соның алғашқы легі осы – мемелекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатындағы байқау. Ата-бабамыздан қалған сөз мәйегін жалғастыру, жастардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру, салмақты сөйлеуге баулу – негізгі мақсатымыз. Бұдан бөлек  «Көрісу айт» күніне орай және Наурыз мерекесі қарсаңында жас өнерпаздардың қатысуымен «Ұлы дала сазы» атты концерт өтпек. Сондай-ақ өнерлі дарындарға қолдау көрсету – біздің назарымызда. Мәселен, таяу күндері Әділ Ахметов есімді талантты жас ақынның жеке шығармашылық кешін ұйымдастырмақпыз. Жыл соңына дейін бұдан басқа да ауқымды шаралар өткізіледі, – дейді Қуанышбек Жанболатұлы.

Байқауға қатысушы 13 өрен алдымен мақал-мәтелдерді қолданып, көркем сөзбен өздерін таныстырды. Екінші кезеңде жеребе арқылы түскен тақырыптарға орай мақал-мәтел айтып жарысты. Бұл кезеңде сайыскерлердің тақырыпқа орай мақал-мәтелдерді көбірек табуына басымдық берілді. Бұдан кейін ұсынылған сөздерге мақал-мәтел табу кезеңі қатысушылардың ой-өрістерін, тапқырлықтарын шыңдаған сайыс болды. Алайда, белгіленген уақытта мақал-мәтел таба алмай, тосылғандар да табылды. Ал қатысушылардың басым бөлігі мақал-мәтелдің жалғасын табудан қиналды. Өйткені, бұл кезеңде аса күрделі, қоғамда жиі қолданылмайтын мақалдар ұсынылғанын атап өту керек. Қазылар алқасының төрайымы Шолпан Қыдырниязова болашақта ұйымдастырушылардың осы жайтқа назар аударуы қажеттігін ескерттіп, халық арасында көп тараған мәтелдерді жасырған дұрыс болатынын қаперге салды.

– Абызынан нақыл, анасынан ақыл қалған қазақтың ұрпағымыз. Біз әлі тілімізді тұғырына қондыруға ұмтылып келеміз. Тіл туралы заңымызда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген және орыс тілі де осы деңгейде қолданылатыны жазылған. Сондықтан қазір екі тілде жазып, екі тілде сөйлеп жүрміз. Енді, міне, мақалдарды білуге ұмтылған жастар өсіп келеді. Бүгін соны көріп қуандым. Оқушының мақал айтуға ұмтылысы – жетістік. Қазақ халқының мықтылығы тілінің туы – көкке өрлегенде өлеңмен сөйлейді, шешендері мақалдатады. Бабалардан қалған мұраны жеткіншектердің жаттап жүргені жақсылықтың нышаны. Тілдің туын көтеретін осы – жастар. Тілді әрі қарай жеткізетін, осы міндетті мойындарына алып тұрған балалардың өмірлері өрнекті, тілдері тіліп түсер қылыштай болсын, намыстары берік болсын, – деп ақ батасын берді.

Жарыс қорытындысында №48 орта мектептің оқушысы Айбар Кәкімжанов, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенті Айнара Нұрғалиева, №49 орта мектептің оқушысы Нұрбибі Қуанышқалиева жүлделі орындарды иемденді. Сондай-ақ барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
152 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
237 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
247 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
280 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
304 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
675 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
810 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
846 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1120 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1129 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1257 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1555 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1653 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1680 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1888 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2159 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»