ОРАЛ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірдегі өндіріс орындарында болды. Сондай-ақ көктемгі далалық жұмыстарды қарап, облыста жасалып жатқан істерге қанықты.
Бүгін жұмыс тобының мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ.Ержан мен М.Чирков «Зенит» және Орал трансформатор зауытында болды. Жұмысшылармен тілдесіп, зауыттықтардың негізгі мәселелерін тыңдады.

«Ұлы дала бренді» номинациясын иеленген Орал трансформатор зауыты биыл 9 мың трансформатор шығаруды жоспарлаған. Оған қоса жаңа өндіріс орны ашылып, зауыт кеңейе түспек. Қазір зауытта 310 адам жұмыс жасайды, жаңа цех салынысымен тағы 110 жұмыс орны ашылмақ.
– Өндіріс орнын ашу үшін жұмыстарды бастап кеттік. Жыл соңына дейін 8 мың шаршы метр аумаққа цех саламыз. Онда 35-500 кВт-тық трансформаторлар үшін панельдік радиоторлар дайындалады. Оның 70 пайыздан астамын экспортқа шығарамыз деп көздеп отырмыз, – дейді зауыттың басқарушы директоры Ақжол Сауранбаев.

Депутаттармен кездесуде зауыттың негізгі мәселелері талқыланды. Соның бірі – баж салығына байланысты.
– Шығарылған заңдармен өңірлердің қаншалықты жұмыс жасап жатқанын және оның қандай оң әсері бар екенін көру мақсатымен жылына төрт мәрте облыстарға шығамыз. Кем-кетік болса, келесі жұмыстарымызда қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдайтын боламыз. Орал трансформатор зауытының да үйлесімі табылмай отырған өзіндік мәселелері бар. Бәсекелестік жақсы нәрсе. Бұл сапаға, бағаға оң әсер етеді. Дегенмен, бәсекелестік тең болуы тиіс. Орал трансформатор зауыты – шикізаттан бастап дайын затқа дейін өздері шығарады. Ал кейбір мекемелер дайын бөлшектерді жинақтап, саудаға шығады. Бұлардың әрқайсысының орны бөлек. Әрі өндірістегі жұмыс ауқымына қарағанда бөлшектен жинағандардың шығыны аз. Оларда жеңілдіктер бар, ал бұларда жоқ. Сондай-ақ шикізат шетелден келгенде салық төленеді. Шығару кезінде тағы да сол. Сол екі арадағы қосымша табыс салығы белгілі уақыттың ішінде қайтарылмайды. Қаржы, әрине, жұмыстың жүруін кейінге тартады. Жұмыс жүруі үшін қаржы керек. Егер оны банктен алса, қосымша пайызы тағы бар. Кіру салығы шығатын қосымша салықпен ауыстырылса және қосымша салықты мемлекет қарыз болмай уақытылы кері қайтарса, мекеменің кеңеюіне жол ашылар еді. Зауыт мемлекеттен, банктен қарыз алмай, жұмыс жасаса өнім арзан болады, нарықта тауар өтімді болады. Министрліктегілер осы мәселені тереңірек қарауы керек. Біз осы жағдайларды жеткізетін боламыз, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Төлепұлы.

Зауыттағы қызметкерлердің орта жасы – 28 жас. Яғни, зауыттықтардың дені – жастар. Барлығын толғандыратын жайт – баспана. Бұл мәселе де депутаттар қаперіне салынды. Қазір зауыт басшылығы жұмысшыларының бірқатарын өздерінің жатақханаларына орналастырған. Болашақта қызметкерлерге арнайы үй салу қарастырылуда.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу