8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2681 0
Қоғам

Орал – Тоқайдың «поэзиялық отаны»

Ақын ескерткіші гүл шоқтарына оранды

Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 130 жыл толуына орай шаралар легі өткен бейсенбі күні қаладағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Бұл сәтке қала әкімі Нариман Төреғалиев, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, сондай-ақ Г.Ибрагимов атындағы әдебиет және тілдер институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Зуфар Рамеев бастаған Татарстаннан келген делегация, өңірдегі татар ұлтының өкілдері, зиялы қауым куә болды.

– Үстіміздегі жылы 25-ші сәуірде басталған мерейтой бүгін жалғасын тауып отыр. Ұлы татар халқының ақыны ғана емес, бүкіл түркі халықтарына танымал шайыр Ғабдолла Тоқайдың мерейтойының Жайық өңірінде, Оралда басталуының өзіндік себебі жоқ емес. Мұның себебі Ғабдолла ақын осында тұрды, өзекжарды өлеңдерін өндіріп жазды, болашаққа деген ой-толғауларын осы жерде айта білді. Тоқайдың қысқа ғұмырында – Оралдың орыны бөлек. Орал үшін де Тоқайдың орыны бөлек. Ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің, Ұлы Абайдың, Сырым батырдың, Пушкин мен Савичевтің қасынан орын алып, қаламыздың бас даңғылы Достықтың бойында тұрған ақынды оралдықтар өте құрметтейді, – деді Ғайса Хамидоллаұлы. Бұдан соң Татарстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шамсия Зигангирова сөз алып, Тоқайды бауырына басқан қазақ жұртына, Ақ Жайыққа бас иіп, ақын рухына арнаған өлеңін тарту етті. Сағынғали Сейітовтің «Тоқай турында ойланулар» өлеңін татар этно-мәдени орталығының мүшесі Зәкир Хозасайытов тебірене оқыды.  Жиналған қауым ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Бұдан соң қатысушылар «Қазақстан халқы Ассамблеясы» үйінде шайырдың 130 жылдық мерейтойына және Орал қаласына келгеніне 120 жыл толуына  орай «Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың өмірі мен шығармашылығындағы Орал қаласының орны» тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде бас қосты.

Дөңгелек үстел жұмысын облысымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов жүргізіп, қонақтарға еліміздегі Достық үйлері Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен салынғанын және бұл көпұлтты еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бірі екенін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов татар поэзиясының майталманы Ғ.Тоқайдың ақындығы мен тұлға ретінде қалыптасуы Орал шаһарынан бастау алғанын айтып, Орал қаласын ақынның «поэзиялық отаны» деп атауға ұсыныс білдірді.

– Ғ.Тоқайдың жеке тұлғасымен, шығармашылығымен танысуға қызығушылар жылдан-жылға артып келеді. Башқұртстан Республикасының ақыны Мұстай Кәрімнің «Ұлылар қандай топырақта жетілгеніне қарамастан, барлығына тиесілі. Ғ.Тоқайдың сөздері мен оның атағы алысқа шарықтады, ең бастысы түркітілдес өлкеге және әр бұрышына жетті…» деген екен. Қазақстан да, Татарстан Республикасы да есімі алтын әріппен жазылған ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерді сақтап, келесі ұрпаққа жеткізіп келеді. Орал қаласындағы Ғ.Тоқай музей-кешені және ақын атындағы саябақ – соның айқын дәлелі, – деді Марат Лұқпанұлы.

Ғ. Тоқай шығармаларын көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің қазақшаға аударғанын ерекше атаған ақын, мемлекеттік «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева татардың ғана емес, адамзаттың ақыны атанған Ғ.Тоқай ұлт бостандығына, тілдің қасиетіне аса мән бергенін тілге тиек етіп, елді сүюге үндеген патриоттық жырларының маңызына тоқталды. Сондай-ақ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» үйіне көрімдік ретінде үш томдық жинағын, Татарстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Шамсия Зигангироваға «Ана сыры» кітабын сыйға тартты.

Түркі халықтарының ұлыларына әрдайым құрмет көрсетілетінін айтқан халықаралық түрік академиясының ғылыми хатшысы Амантай Шәріп Ғ.Тоқайдың 130 жылдығана орай академиядан дайындалған екі кітапшаны татар мәдени бірлестігіне тарту етті. Айтуынша, кітапшада Ғ.Тоқайды қазақшалаған алаш көсемдерінің бірі Міржақып Дулатовтан бастап, әдебиетте өзіндік үлесін қосып жүрген Олжас Сүлейменовке дейінгі қазақ зиялыларының аудармалары жинақталған.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, татар-башқұрт мәдени орталықтары Ассоциациясы төрағасының орынбасары Зухра Саяпова шайырдың шығармашылығына түркітілдес халықтардың қызығушылығының артуы оның өлеңдерінің құндылығын, мән-маңызының тереңдігін көрсететінін атады.

Ақын өз өлеңдерінде барлық халықты ұлтына, діліне, дініне қарамастан, достыққа, ынтымақтастыққа шақырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұлжымас қағидасы да осы. Ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру өзара құрметке негізделеді. Көпұлтты елімізде қоғамдық келісім мен тұрақтылық сақталған. Соның арқасында ұлы татар ақынына құрмет көрсетудеміз, – деген Зухра Саяпова Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің жан-жақты дамуына, мемлекеттік тіл мен өз ана тілдерін үйреніп, өздерінің мәдениеттерін жетілдіруіне мүмкіндік жасап отырғанын жеткізді.

Ақын Шамсия Зигангирова ұлы ақынның есімі қазақ, орыс, татар тілдерінде ерекше мақтанышпен айтылатынын және анасының өзін Ғ.Тоқай шығармасымен тәрбиелегенімен бөлісті. Өз сөзінде Орал қаласынан шайыр туралы мол мұрамен танысқанын айтып, Оралға келгенде туған жаңа өлеңін оқыды.

Оралға ерекше әсермен келемін. Өзімнің туған жерім – Татарстандағы Байық деген ауыл. Соған ұйқастырып Оралды мен Жайық қаласы деп атағанды жақсы көремін. Тоқай осы жерде ақын ретінде қалыптасты. Талант бір пайыз болса, 99 пайыз еңбекпен келеді дейміз ғой. Қазақ жері Тоқайдың ақындығының жетілуіне мүмкіндік берді. Бізді қуантатыны – ақынның өмірі мен шығармашылығы татарлар мен қазақ халқының достығының нығаюына әсер етті. Бізді ата-аналарымыз қазақтың ұлы ақыны Абайдың, татар ақыны Ғ.Тоқайдың өлеңдерімен тәрбиеледі. Оралға сапарымызда Ғ.Тоқайдың музейімен танысып, көп нәрсеге қанықтық. Өкініштісі, біздегі Қазан қаласында ақынның тұрған үйінде оның тұтынған заттары сақталмаған. Ғ.Тоқайдың ізі жатқан тарихи орындарды көздің қарашығындай сақтап отырған оралдықтарға алғысым шексіз, – деді ақын.

Сонымен қатар жиында Еуразиялық Ғ.Тоқай орталығының төрағасы Разак Әбузяров, Орал қаласындағы Ғ.Тоқай орталығының ғылыми хатшысы Нүрия Хабибуллина, филология ғылымдарының докторы, татарстандық Фарит Яхин, Қазан қаласындағы Ғ.Тоқай әдеби музейінің аға ғылыми қызметкері Резеда Нығметтуллинаналар сөз алып, ұлы ақынның шығармаларын зерттеу, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Шара барысында БҚО татар этно-мәдени орталығының мүшесі Г.Хузасаитова татар тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Татарстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен, Х.Сафин, Р.Ахмедгалиева «Халықаралық татарлар конгресі» атқарушы бірлестігінің «Татар халқына көрсеткен ұлы қызметі үшін» медалімен, З.Хузасаитов бірлестік алғыс хатымен марапатталды.

Ақын мерейтойына орай түс ауа А.Островский атындаға драма театрда театрландырылған концерт ұйымдастырылды. Онда жергілікті өнерпаздар мен татар этно-мәдени орталығының мүшелері және Татарстан Республикасының өкілдері өнер көрсетті.

Шаралар легі 20-шы мамыр күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да жалғасын тапты. «Ғ.Тоқай әлемі: философия, эстетика, тіл» тақырыбымен өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ақын шығармашылығындағы Орал қаласының маңызы туралы айтылды.

Айнагүл Серікқызы,

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
18 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
21 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
88 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
92 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
491 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
632 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
666 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
942 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
954 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1078 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1379 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1473 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1502 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1711 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1981 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2202 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»