«ОРАЛ АРУЫ – 2019» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Орал аруы – 2019» байқауы өтті.

– Биылғы байқауға іріктеу кезеңінде қатысушылардың жан-жақтылығына, тәрбиесі мен дарынына басымдық беруге тырыстық. Қайырымдылыққа, қоғамдық жұмыстарға белсенділігі назарға алынды. Әрине, сұлулық байқауы болғаннан кейін бойларының 167 см.-ден кем болмауы ескерілді. Сондай-ақ 16 жастан бастап, 24 жасқа дейінгі қыз балалар таңдалды, – дейді «Орал аруы-2019» байқауының арт-директоры Әсемгүл Ғалиева.
Іріктеу екі кезеңде өткен болатын. 2018 жылдың желтоқсанында өткен алғашқы іріктеуге 40 қыз қатысты. Одан кейін таңдалған 20 бойжеткен арадағы үш ай ішінде дефиле, актерлік шеберлік, хореография бойынша білікті мамандармен бірге дайындықтан өтіп, қайырымдылық шараларына қатысты. Мәселен, қыздар «Көрісу айт» мейрамында қаладағы сауда үйлеріне келушілерге ұлттық тағамдарды таратса, бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналардың арасында «Ару ана» байқауын ұйымдастыруға атсалысты. Ал жуырда ғана байқау аясындағы «Өнерлі ару» қайырымдылық концерттік шарасында өз өнерлерін ортаға салып, дарындарын көрсетті. Бұл шарадан жиналған қаражат үйсіз жануарларды қамқорлыққа алған «Умка» қоғамына берілді. Әрі арулардың өнері байқаудың бір кезеңі ретінде бағаланды.

Байқаудың аймақтық кезеңінің қорытындысында арулар таныстыру, хореография, сән көрсетілімі бөлімдерінен өтті.
Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, тележүргізуші Нұрбигүл Сағындыққызы, фотосуретші Дмитрий Шек, хореограф Аслан Төлеуғалиев, «Орал аруы – 2010», «Қазақстан аруы – 2010» аталымдарының иегері Жанна Жұмалиева, байқаудың бас демеушісі «Royal Travel» туристік агенттігінің директоры Эльмира Шоуменова және ұйымдастырушы, Мария ханым» сән үйінің директоры Жұлдыз Құспанова қазылар құрамында болды.

Төрт сағатқа созылған финалдық сында арулардың әрқайсысы үздік атануға лайықты екендіктерін көрсетуге тырысты.

Нәтижесінде 17 жасар Эмилия Гусманова «Орал аруы -2019» аталымына лайық деп танылып, мамыр айында өтетін республикалық сынға жолдама ұтып алды. Оған қоса жеңімпазға бас демеуші «Royal Travel» туристік агенттігі атынан Италияға туристік жолдама және «Зараниа» зергерлік студиясынан алтын әшекейлер берілді.

Аружан Әнуарова «I Орал Вице-аруы», Александра Арефина – «II Орал Вице-аруы», Зарина Каташева «III Орал Вице-аруы» атанды.
Мәдина Бесимова -«Күміс көмей», Саягүл Гайсина – «Алтын жүрек», Дильназ Мұратова – «Мисс Model», Диана Хусаинова – «Мисс Фотомодель» , Эмилия Нұрғалиева – «Мисс Талант», Зарина Каташева – «Көрермендер көзайымы», Екатерина Кожева – «Мисс Грация», Алсу Асанова – «Мисс Шарм», Арайлым Ізімбетова – «Мисс Instagram» аталымдарымен марапатталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу