8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Шілде 2019 2629 0
Қоғам

«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Астана күніне орай Орал қаласы әкімдігінде өткен салтанатты жиында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, бүгінде жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамытуға үлес қосып жүрген соғыс ардагерлері мен Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтар «Орал қаласының құрметті азаматы» наградасымен марапатталды. Сондай-ақ жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғары көрсеткіштері үшін бірқатар қызметкерлер алғысхаттарға ие болды. Салтанатты жиынға қатысушыларды шаһар басшысы Мұрат  Мұқаев айтулы мерекемен құттықтап,  жүрекжарды лебізін жеткізді.

– Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы бүгінгі таңда бүкіл елді нық жетелеп, жаңа өзгерістердің қозғаушысы, қалыптасқан саяси орталығы бар, Қазақстанның басты брендіне айналды. Бұл қаланың қалыптасып, не бары 21 жыл ішінде халықаралық аренада беделінің артып, төрткүл дүниенің тамсанған мекеніне айналуы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының жемісі. Сарыарқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды іске асырып, сәулет өнерінің озық үлгісі қалыптасқан замануи мегополиске айналып отыр. Батыс пен Шығыс өркениетінің алтын көпірі атанған бас қаламызда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады. Елорда төрінде ЕҚЫҰ-ның саммиті, 7-ші қысқы Азиы ойындары, Ислам конференциясы ұйымының форуым, «Астана «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуі – еліміздің әлемдік аренадағы елеулі оқиғасы болды.  Сонымен қатар бас қаламыз – Нұр-Сұлтан ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз. Өңірімізде тұрғындардың жайлылығы мен қазіргі заманға сай қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында жасақталған Орал қаласының 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуының «Жасыл қала» бағдарламасы жоспарлы іске асырылуда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Smart City тұжырымдамасымен 15 жоба іске қосылды. Барлық емханалар мен қызмет көрсету орталықтары, білім беру ордалары интернет желісімен толықтай қамтылып, атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі автоматтандырылған электрондық жүйеге көшірілді. Яғни біздің қаламыз да бір орында тұрмай қарқынды жетіліп, көркейіп келеді. Осындай жұмыстар қаланың даму деңгейінің жоғарылығын көрсетеді, – деген Мұрат Рахметұлы барлық өңірлер бас қалаға қарап бой түзеп, елордамен бірге гүлденіп келе жатқанын атап өтті.

Мерекелік жиында ҰОС кезінде батырлық көрсетіп, ерлік жасаған, ел азаматтарының жаңа буынын азаматтық пен патриоттыққа жетелеуде зор еңбек сіңірген ардақты ардагерлер Меңжан Әбдрахманов пен Вениамин Скаленкоға және Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін берген инновациялық қызметі мен заманауи озық технологияларды халық шаруашылығының барлық саласына енгізгені үшін Валерий Глоуховқа, экономканың қаржылық және өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал еткен инвестицияларды тартқаны үшін Сағын Құрмановқа, егеменді елдің тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға өңірдің саяси-әлеуметтік, мәдени және рухани дамуына және жергілікті мемлекеттік басқару саласына қосқан үлесі үшін Бәтес Исмағұловаға «Орал қаласының құрметті азаматы» төсбелгісі  мен куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.

Сонымен қатар Елбасының атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысқаны үшін Орал қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының директоры Мағал Бекмағамбетов облыс басшысының, осы орталықтың мамандары Айша Аяшева, Айгүл Нигимова, Роза Жұбаева қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Бұдан бөлек қала әкімі Мұрат Мұқаев Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде ерікті ретінде көмек көрсеткен Гүлнұр Салауатоваға, жуырда су құбырының істен шығуына байланысты кәріз-сорғы стансасын қалпына келтіруде тәулік бойы еңбек еткен «Батыс су арнасы» ЖШС-ның бір топ жұмысшылары – Геннадий Ушаковқа, Серік Жанғалиевке, Ғаділше Мүтиевке, Айдынғали Қиясовқа ерекше алғысын білдірді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
108 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
145 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
158 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
170 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
245 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
242 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
248 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
334 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
587 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
778 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
909 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
919 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
994 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1396 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1414 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1491 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1578 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1785 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1783 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»