ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАРЫҚДИОДТЫ ШАМДАР ОРНАТЫЛУДА
Шаһардың Төле би көшесіне мырышталған тірек бағаналар қойылып, жарықдиодты шамдар орнатылды. Дәл осындай автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыратын жарықдиодты шамдар Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінде де жағылады.

Аталған үш көшеде бұрын жарықшамдар болмаған еді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, биыл 6, 7, 9-шы шағынаудандарындағы қозғалысы көп көшелердің бірі саналатын осы көшелерде жарықтандыру қолға алынып, қала әкімдігнің тапсырысы негізінде «Жайық таза қала» ЖШС кабельдерді тарту, бағандарды орнатуды бастаған. Қазіргі уақытта Төле би көшесін жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды, көше бойы самаладай жарқырап тұр.
– Төле би көшесінің Московский көшесінен Орал-Желаев трассасына дейінгі аралығына 100 баған қойылды. Жарықдиодты шамдар екі жаққа – автокөлік жолына және тротуарларға түсіп тұрады. Бұл көше бойынша атқарылған жұмыстарға 57 млн. теңге жұмсалды. Әйтеке, Қазыбек би көшелерін жарықтандыру 15 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде, – деді Жандос Асхатұлы.


Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу