ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Орал қаласында «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолына арналған мерекелік концерт өтті. Қала әкімі Абат Шыныбеков тұрғындарды атаулы мейраммен құттықтады. Сондай-ақ ардагерлер мен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «30 жұлдызды күн» шаралары аясында сурет көрмелерін ұсынған фотосуретшілерге алғыс хаттар табыс етті.
Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған шара «Ұлт көшбасшысы – ұлы тұлға» видеокөрінісімен ашылды. Тарих толқынында тереңдік пен кемелдік танытып, тәуелсіздіктің көкбайрағын желбіретіп, мемлекеттімізді нұрлы жолға бастай білген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі мазмұндалған видеоүзіктен соң қала басшысы Абат Шыныбеков ел тарихында айтулы күн, маңызды дата ретінде белгіленген – Тұңғыш Президент күніне орай құттықтауын жеткізді.
– Егемендіктің елең-алаңындағы 1991 жылдың әрбір күні ұлт тарихындағы аса маңызды парақтармен қатталғаны белгілі. Соның ішінде 1 желтоқсанда Қазақстан халқының тұңғыш рет өз Елбасын, Президентін сайлауы үлкен өзгеріске бастаған қадам ретінде тарихқа жазылды. Бұл күн – қазақ халқының алғаш рет еркін білдіріп, өз билігін өзі таңдап, дербестігін демократиялық сайлау арқылы мақұлдаған күн. Тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеп дамуында Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі айрықша маңызға ие. Бүкіл әлемге Қазақстанды танытты, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолында тынбай еңбек етті. Ең бастысы Елбасымыздың сындарлы саясаттың нәтижесінде осы 30 жылдың ішінде Тәуелсіз Қазақстанда – ашық аспан, бейбіт өмірде әр азамат өзінің алдына қойған мақсаттары мен арман-тілегін жүзеге асыруға мүмкіндік алғаны баршаға аян. Нұрсұлтан Әбішұлы елмен бірге дамыған Ақ Жайық өңірінің, соның ішінде облыс орталығы – Орал қаласының өркендеуіне мән беріп, «Орал – еліміздегі ең таза әрі жасыл қала» деп бағалады. Әр келген сапарында өңір тұрғындарымен жүздесіп, әлеуметтік-экономикалық даму көкжиегіне айрықша зер салды. Тұңғыш Президент күні – бүкіл қазақстандықтар үшін ерекше күн. Осы мерекеде Ұлт көшбасшысын ұлықтап, Тәуелсіз қазақ елінің қарыштап дамуындағы еселі еңбегін дәріптеуіміздің маңызы зор, – деді Абат Абайұлы. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары Қазақсанның дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлестері үшін еңбек ардагерлеріне алғыс хат табыс етті.
Атап айтқанда, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әнесов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары О.Исаева және президиум мүшелері С.Мусина, Ә.Керейтегі, В.Чапурова, Ж.Кәрімов, А.Тауымов, Круглоозерный, Деркөл, Зашаған кенттері мен Желаев ауылы бастауыш ардагерлер ұйымдарының, жерлестер қауымдастықтарының төрағаларына алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «30 жұлдызды күн» шаралары аясында «Независимость сквозь призму времени» атты жеке фотосурет көрмесін ұсынған Г.Трищенков пен «Тәуелсіздікке тарту» атты жеке көрмесін өткізген Ж.Өтешов марапатталды.
Мерекелік концертте Жастар мәдениет үйінің әншілері «Салтанат» би ансамблі, скрипкашылар және вокалды аспаптар ансамбльдері, сондай-ақ «Junior Eurovision 2021» ұлттық жоба байқауының жеңімпазы Әлинур Хамзин өнер көрсетті.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу