8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қыркүйек 2020 1418 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ» ТАРИХИ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Шаһарымызда қала күні мерекеленіп жатқан тұста Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері, т.ғ.к. А.Т. Абдуллина мен А.Д. Арепова «Қазақстан халқы» тарихи-интерактивті картасы жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы бйынша материал жинау мақсатымен келді.  28 қыркүйегінде олар Батыс Қазақстан облысының жергілікті этномәдени бірлестіктері өкілдеріне картаны таныстырды. Қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған шара Институт пен БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Медхат Мұсаұлы Камбетов арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асты.

Статистика деректері бойынша, өңірде қазіргі уақытта 55 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олардың қызметіне 5000-ға жуық адам қатысады. Олар облыста тұратын этностардың тарихи-мәдени мұрасын, тілін, салт-дәстүрлерін сақтау, еріктілер қозғалысын жандандыру және т. б. бойынша әртүрлі жұмыстар жүргізеді. Тарих және этнология институты жүзеге асыратын «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, 2020 жылы жобаның «талдамалы зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» ғылыми жобасы бойынша жұмыс қайта басталғанын атап өтті.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты (бұдан әрі – Институт) ҚХА-мен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Тарихи сананы қалыптастыруда және Қазақстан халқының бірігуі үшін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының маңызын атап өту қажет. Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 17 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия туралы» № 462 Жарлыққа сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясына және біздің институттың, география институтының, ақпараттық және есептеу технологиялары институтының және Мемлекет тарихы институтының ғалымдарына үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әлемдегі алғашқы «Қазақстан халқы» электрондық интерактивті картасын жасау туралы тапсырма берілді.

Ассамблея мен аталған ғылыми ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен мемлекеттік тапсырманы қысқа мерзім ішінде – Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіхалықованың, ҚР Парламенті екі палатасының депутаттарының, ҚХА мүшелерінің және т. б. қатысуымен картаның ресми тұсаукесері өткен кезде жоғары деңгейде таныстырды. Карта үшін тарихи анықтамалар, этностардың қалыптасу тарихы, олардың этногенезі, Қазақстан аумағына келіп қоныстануы, өсу динамикасы, материалдық және рухани мәдениеті және т.б. туралы мақалаларды қамтитын ақпараттық контентті институт ғалымдары дайындады, олар мұрағат пен кітапханаларда отырып, материал жинады.

Карта этносаралық келісімді нығайту және біздің республика халқының топтасуы жөніндегі маңызды мемлекеттік орган – Ассамблеяның сайтында орналасқан, сол жерде егжей-тегжейлі танысуға болады. Материалдардың негізгі мазмұны бойынша карта үш негізгі бөлімге бөлінген: «Интерактивті тарихи карта», «Қазақстан халқы», «Тәуелсіздік дәуірі». «Интерактивті тарихи карта» бөлімінде «қазақ халқының этникалық тарихынан бастап (біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғ. – біздің дәуірге дейінгі IV ғ.) және қазіргі кезеңге дейінгі 16 тарихи карта бар. Әр интерактивті картада қола, темір ғасырлары, орта ғасырлар туралы, сонымен қатар территориямызда тұрып, өз мемлекеттерін құрған, көрші елдермен байланыс орнатқан тайпалық бірлестіктер, жеке тайпалар туралы тарихи анықтамалар берілген. Бұл карталар арқылы әлеуметтік-саяси тарихымыздыы, Қазақ хандығының қалыптасуы мен ыдырауын, қазақтардың жоңғарлармен күресін, қазақ даласы аумағының Ресей империясының құрамына енуін, сондай-ақ Кеңестік Қазақстан мен Қазақстан Республикасында көп ұлтты халықтың қалыптасуын көрнекі түрде байқауға болады. 16-картаның символдық атауы бар «Әлемнің жол картасы және тарихи жады», онда еліміздің облыстары бойынша халықтың этникалық құрамы, этномәдени бірлестіктердің саны туралы ақпарат жинақталған, саяси қуғын-сүргін, 1920 және 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тұрғызылған монументтер орнатылған орындар белгіленген.

«Қазақстан халқы» бөлімі үлкен қызығушылық тудырады, онда 51 этнос бойынша кеңейтілген ақпарат бар, олар мынадай қосымша беттер бойынша орналастырылған: этностың қалыптасуы; саны және қоныстануы; дәстүрлі шаруашылығы; діні; тілі және жазуы; салт-дәстүрлері; дәстүрлі тағамдары; киімі; дәстүрлі тұрғын үй және этномәдени орталықтары. Қазіргі уақытта институт қызметкерлері сайтқа енгізу үшін осы форматта тағы 15 этнос бойынша ақпарат әзірлеуде.

«Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын үшінші бөлім саяси маңызды сипатқа ие, оның ішінде бейбітшілік сүйгіш ішкі және сыртқы саясатқа бастама болып отырған, Еуразияның жүрегі – мемлекетіміздің астанасы Нұр-сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен қызметі туралы контент бар. Аталған екі Ақпараттық қосымша бетті «Достық көпірі» ақпараттық терезесі – еліміздің азаматтары Қазақстанға өз қандастары  үшін алғыс білдіретін мемлекеттер белгіленген карта және 1 наурызда ҚР-да Алғыс күнін атап өту туралы «Алғыс айту күні» толықтырады. Сонымен қатар «Тәуелсіздік дәуірі» бөлімінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері, мнографиялар, статистикалық жинақтар, этностар, этномәдени бірлестіктердің жұмыстары және т. б. туралы анықтамалар электронды түрде беріледі.

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы ғылыми-көпшілік сипатқа ие, барлық қазақстандық мен өскелең ұрпақтар үшін сұранысқа ие болады, олар үшін өздерігің этностарының тарихы мен мәдениетін сақтап қалу, қайғылы және қуанышты сәттерде қазақ халқының қонақжайлық көрсеткені, қиын-қыстау жылдары көрсеткен көмегі үшін алғыс сезімін білдіреді. Бұдан өзге, карталарға шолу жасап танысу Қазақстан халқының қалыптасуының геосаяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени факторларына бір мезгілде тарихи-мәдени және рухани-құндылықтар негізіне этностық тұрғыдан сан алуан әрі бірегей этностық мәдениеттердің калейдоскопын ұсына отырып, талдау жасауға мүмкіндік береді. «Бірлік-әралуандықта!» ұраны ҚХА-ның «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми картасында жарқын әрі айқын көрініс табады.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Орал қаласының қала күні мерекеленіп жатқанда келгеніне қарамастан қолдарынан келген көмегін аямай жатқан жандарға алғыс білдірді. Қала күнімен барша қала тұрғындарын құттықтап, қала көркейе берсін деген тілек айтты.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
220 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
257 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
420 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
610 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
853 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
932 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1040 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1047 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1073 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1085 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1192 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1406 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1724 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1606 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1716 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1706 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1836 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1883 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1825 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1836 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»