8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Мамыр 2019 2064 0
Өзек

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА 4 ЖАҒАЖАЙ ҒАНА ИЕЛЕРІНЕ БЕКІТІЛГЕН

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Есқалиевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде табиғи өрт қауіпті кезеңіне дайындық пен суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу және жоспардан тыс «Газ техникалық инспекциясын құру» мәселелері қаралды.

Жыл басталғалы өңірде ауданы 890 гектар болатын 54 табиғи жану және ауданы 2,5 гектар құрайтын 1 орман өрті тіркелді. Негізгі себеп: халықтың отты абайсыз пайдалануы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз өртеуі. Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шаралар өткізілуде. Қазіргі уақытта 40 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

2018 жылғы 14 ақпандағы №22 «Батыс Қазақстан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған 69 орын белгіленді.

Орал қаласы бойынша тек 4 жағажай нақты иелеріне бекітілген. «Металлист» ауданындағы жағажай қызметтерін жабдықтауға жер учаскесі инвестициялық жобада тұр. Сонымен қатар облыс аудандарында балаларды жүзуге үйрету мақсатында модульды-қаңқалы бассейндер орнатылған. (Бөкейордасында – 2, Бөрлі–2, Ақжайықта-2, Жәнібек, Бәйтерек, Қаратөбе, Теректі аудандарында – 1-ден, Казталов ауданында – 4).

2018 жылы 210 тыйым салу белгісі орнатылған. Қазіргі таңда белгілерді жаңарту және қосымша орнату жұмыстары жүргізілуде.

БҚО ТЖД бөлімшелері суға шомылу маусымы кезеңінде міндеттерін орындау үшін дайындыққа келтірілді. Барлығы 70 құтқарушы, 27 жүзу құралы, рейдтер өткізу үшін 2 катер және 19 автокөлік дайын.

Жиналыс соңында Ғ. Есқалиев барлық уәкілетті органдарға және облыстық азаматтық қорғау қызметтеріне өрт қауіпті кезеңі мен суға түсу маусымы кезінде төтенше жағдайларды болдырмауға бағытталған шараларды орындау тапсырмасын берді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»