8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Тамыз 2020 2314 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілген меритократия қағидасын жүзеге асыру аясында және конкурстық комиссиясының шешімі бойынша Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Кульбаев Асхат Есмұханұлы тағайындалды.

Құлбаев Асхат Есмұханұлы – 1966 жылы туған, білімі жоғары. 1990 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды құқықтану мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақ сәулет-құрылыс акдемиясының халықаралық білім беру корпорациясын техник және технологиялар мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары:
– ҚазКСР Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері;
– Санурбанк заңгерлік консультанты;
– «Казэнергопромбанк» заңгерлік консультанты;
– «Эшел инжиниринг» бірлескен кәсіпорнының құрылыс жөніндегі менеджері;
– «Эшел констракшн» ЖШС директоры;
– «МСС-Дизайн» ЖШС бас директоры;
– «Компания Монтажспецстрой» АҚ-ның Чинарев кенішіндегі жобалары бойынша директоры болып қызмет атқарды.
2013 жылдан бастап бүгінге дейін «Жайықмұнай» ЖШС Жобалау және құрылыс департаментінің директоры қызметін атқарды.
Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары Асхат Кулбаев құрылыс, архитектура, кәсіпкерлік, жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.

 zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
106 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»