8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Ақпан 2020 1129 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ДЕРКӨЛДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Қалаға қарасты кенттік, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері аяқталып, қала әкімі А.Шыныбеков халық алдында есеп беруді бастады. Биыл халықтың басым бөлігін қамту мақсатында шаһар басшысының есептік кездесулерін бес аумақта өткізу жоспарланған.  Алғашқысы 4 ақпан күні Деркөлде өтті.

Алдымен қала әкімі 2019 жыл бойынша Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Бір жыл ішінде халық саны 2 пайызға көбейген. Қазіргі Оралда ресми есеп бойынша 314 386 адам бар. Оның 20 мыңға жуығы Деркөл тұрғындары. Бұл елдімекен тұрғындарының басты мәселелерінің бірі – «Сарыарқа» шағынауданының жолы. Өткен жылғы есептік жиында жолдың жайы тұрғындар тарапынан көтерілген еді. Алайда, бірнеше жыл бұрын уәде етілген жол әлі жоқ. Күні кеше өтен жиынға қатысушылардың басым бөлігі осы мәселені қайта қозғады. Жол құрылысының әзірге басталмай отырғанын себебін қала басшысы Абат Абайұлы түсіндіріп, тұрғындарды сабырлыққа шақырды.

– Салынатын жол жобасы бұған дейін, яғни былтыр жазғытұры өздеріңізге таныстырылды. Құрылысты бастауға мердігерді анықтау үшін байқау жарияланғанымен, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша қателіктер анықталғандықтан, конкурс тоқтатылды. Өткен жылдың жазында жобаға қайтадан түзетулер жасалды. Жалпы 48 көше бойынша 44 шақырымдық жол салынуы керек. Түзету енгізілген жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шықты. Жалпы құны 3,5 млрд. теңгені құрайды. Бірақ, қазіргі бөлініп отырған қаражат өткен жылғы басталған жобаларды жалғастырып, аяқтауға ғана бағытталып отыр. Бұл жұмыстар үшін бөлінген 3,1 млрд. теңгеге 10 көшенің жолы жасалады. Ал жаңа жобаларға әзірге қаражат жоқ. Дегенмен, Сарыарқаға жол салу бақылауымызда. Болашақта қаржының мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алғашқыда қоғамдық көлік жүретін көшеге, одан кейін магистралды көше жолдарына асфальт төселеді, – деді Абат Абайұлы.

Былтырғы есептік жиында деркөлдіктер тарапынан жалпы 28 сұрақ түскен еді. Қала басшысы әр сұрақ бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндап өтті. Мәселен, Новостройка, Ветелки ауылдары ауыз судың тапшылығын қозғаған болса, бүгінде қос ауылға да таза ауыз су құбыры тартылды. Деркөл өзені жағалауын бекіту бойынша жоба жасақталып, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасына жолданған.  Халықтың сұрауы бойынша Деркөлдегі амбулаторияны дәрігерлермен қамту №1 қалалық емхана арқылы жүзеге асуда. «Сарыарқа» шағынауданында №1 емхананың медициналық бекеті ашылып, бір дәрігер мен үш мейіргер 2500 тұрғынға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ көше тазалығы, жолдардың сапасын тексеру,  қоғамдық көліктердің  қозғалысы, спорт үйірмелерін ұйымдастыру және басқа да мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға байланысты жұмыстар жүргізілген.

Жиынның сұрақ-жауап кезеңінде тұрғындардың жол жайынан бөлек көшелердегі еріген қар суын сору, бұралқы иттерді жою, қоқыс контейнерлерін қою, ойын алаңдарын салу жөнінде сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Медбикелердің қызмет көрсету сапасына қатысты сын да айтылды. Қала әкімінің өткен жылғы есебіне деркөлдіктер қанағаттарлық баға берді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 


 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
513 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
592 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
596 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
631 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
646 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1018 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1179 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1454 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1462 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1593 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1886 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1985 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2010 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2221 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»