8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Шілде 2021 1907 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Бір айдан соң жаңа оқу жылы басталмақ. Осы орайда 30 шілде күні Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар білім ұйымдарын аралап шықты. Сонымен қатар жаңа мектептердің құрылыс жұмыстарын да бақылауға алды.

Алдымен қала әкімі «Меловые горки» елдімекенінде салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысына барды. Бұл ауылдағы №18 негізгі мектебі оқушыларға үш ауысымда білім береді. Жаңа мектеп салу арқылы үш ауысымды оқыту мәселесін шешу көзделген. Мердігер мекеме – «Альтаир» ЖШС. Екі ай бұрын басталған құрылыс жұмыстары 2022 жылдың бірінші тоқсанында аяқталмақ.

– Құрылыста 80 шақты адам жұмыс жасауда. Техника өзіміздікі, құрылыс материалдарын жергілікті кәсіпорындардан алып жатырмыз. Қазіргі уақытта бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айында тас қалауды басталады. Жұмыс күші жеткілікті, – деді учаске басшысы Владимир Гальчанский.

Күні ертең жаңа оқу жылы басталатынын еске салған қала басшысы мердігер мекеме өкілдеріне қауіпсіздік қағидаларын ұмытпауды ескертті. Сонымен қатар жұмыстың сапалы болуы керектігін баса айтты.

Бұдан соң қала басшысы соң  апатты  деп танылуына байланысты қайтадан салынып жатқан №33 жалпы білім беретін мектептің құрылыс алаңына барды. Сондай-ақ №13 орта мектепке келіп, мұндағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің  2021 жылдың 5 тамызы күнгі  №30 санынан оқи аласыздар.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»