8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2020 2543 0
Қоғам

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ БАЛҒЫНДАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Республика көлемінде 24-25 желтоқсан күндері  «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға жаңа жылдық құттықтауды ұйымдастыру жоспарланған. Осы орайда бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен бірге балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап үйлеріне барды. Балғындарға  мерекелік лебізін арнап, сыйлықтар таратты.  

Биыл пандемияға байланысты  мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастырылмайды. Дегенмен, қала әкімдігі балаларға жаңажылдық көңіл күй сыйлауды ұмыт қалдырмады. Аяз ата Ақшақар, ертегі кейіпкерлері мерекеге орай безендірілген көліктермен әр баланың үйіне  барып, қала әкімдігінің құттықтауы мен мерекелік сыйлығын табыс етті.  Қала басшысы Абат Шыныбековтың  айтуынша, Орал қаласы бойынша 300-ге жуық отбасы балаларына сыйлықтар жеткізіледі.

– Жыл сайын аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың балаларына  мерекелік ертеңгіліктер ұйымдастыратын едік. Бірақ, санитарлық талаптарға  сәйкес шаралар ұйымдастырылмайды. Қала әкімдігі балаларға көңілді сәттерді  сыйлау үшін үйлеріне  баруды ұйымдастырды. Келе жатқан жаңа жыл оралдықтарға  жақсылық, жетістіктер алып келсін деп тілеймін, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.

Қала басшысы алдымен А.Байтұрсынұлы атындағы №10 орта мектептің оқушысы Бибарыс Құрманғалидың үйіне  барды. Бибарыс биыл ҚР Президентінің шыршасына қатысуға ұсынылған облысымыздағы  дарынды 200  баланың бірі.  Мерекелік шырша ұйымдастырылмағанымен, қала басшысы Бибарысқа Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық құттықтау ашық хатын, Bilimbook mini планшеті мен алты айға тегін қолданатын симкарта, роутер және тәттілерді  табыстады. Сонымен қатар сыйлықтардың ішінде «Қазақ ертегілері», «Мәңгілік тұлға – ұлы Абай» туралы жинақ кітаптары бар.

Ел Президентінің құттықтауын табыстау үшін арнайы үйіне  келген қала әкіміне  алғысын айтқан Бибарыс жаңажылмен құттықтап, ел тұрғындарының ауырмауын тіледі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше,  биыл 9 бен 13 жас аралығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан 200 оқу озаттары мен дарынды бала Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылатын жаңажылдық шыршаға қатысуға ұсынылған. Олардың 143-і ауылдық жерлерден, 30-ы облыстық мектептер және 27 бала Орал қаласы мектептерінің оқушылары. Әрқайсысына Бибарыс алғандай жалпы 106 мың теңге көлемінде сыйлық беріледі.

Сондай-ақ қала әкімі мүмкіндігі шектеулі Сұлтан мен Орынбасар Өмірбекұлдарын, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің  оқушысы Ерасыл Аманжолды, №1 орта мектептің оқушысы Сарнияз Кузбаевты құттықтай барды. Балаларға қала әкімдігі атынан сыйлықтар берілді. Ертегі кейіпкерлері кейпінде  келген Жастар мәдениет үйі мен Мектептен тыс жұмыстар орталығының қызметкерлері балаларға әдемі көңіл күй сыйлады. Балалар өлеңдер оқып, Аяз атадан тәтті  алса, ата-аналары алғыстарын жаудырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
22 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
218 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
258 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
536 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
548 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
675 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
977 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1069 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1095 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1306 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1576 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1803 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1842 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1989 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2187 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»