ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Бүгін Орал қаласында қалалық Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау кеңсесі ашылды. Жаңа фронт-кеңсенің ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков, полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.

– Фронт-кеңсенің ашылуы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының орындалуының көрінісі. Ашықтық пен жариялылық Мемлекет басшысының Ішкі істер органдарына қойып отырған басты міндеті. Бұл кеңсе арқылы тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасында тиімді қатынас орнап, ынтымақтық беки түседі деп сенеміз. Өтіп бара жатқан 2019 жылы қаламыздағы ішкі істер саласында бірқатар материалдық-техникалық базаны жақсарту бағытында жұмыстар жасалды. Абай бөлімшесі жаңа ғимаратқа көшірілді. Екі басқармада да фронт-кеңсе ашылуы үшін қаржы бөлінген болатын. Оның алғашқысына бүгін, міне, куә болып отырмыз. Учаскелік полиция пунктерін жаңарту жұмыстары басталды. 2020 жылға басты жоспарымыз – қала аумағында бейнебақылау және жылдамдық өлшеу құрылғыларын орнату. Келер жылдың алғашқы жартысында қосымша 200-ге жуық камера, 40-қа жуық жылдамдық өлшеуіш орнатылады, – деді фронт-кеңсенің ашылуында сөз алған Абат Абайұлы.
ХҚО қағидасы бойынша жұмыс істейтін полицияның фронт-кеңсесі Мемлекет басшысының нұсқауына сай Қазақстан полициясын сервистік модульге көшіру, полиция басқармасына келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, азаматтарды қабылдау, олардың сұрақтарын уақытылы әрі жедел шешу және кезекші бөлімнің жұмысын оңтайландыру мақсатында ашылып отыр.
Фронт-кеңсе Орал қаласы Полиция басқармасының дәл алдында орналасқан. Онда келушілерге үш маман қызмет көрсетеді. Азаматтарды қабылдау, кеңес беру маманы, көші-қон және әкімшілік полиция өкілдері қабылдау жүргізіп, осы жерде азаматардың құжаттары жинақталып, басқармадағы мамандарға жолданады.
Қала басшысы Абат Шыныбеков болашақта учаскелік полицияның тірек пунктерін де шағын фронт-кеңсе деңгейіне көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Бұл – қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру жол-картасы шеңберінде жүзеге асады.
Эльмира НҰҒМАНОВА




Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу