8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2020 1609 0
Қалалықтар қаперіне

«ОМЕГА» КӨПІРІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕТІН КҮН ТАЯУ

«Омега зауыты» ауданындағы жол өтпесі кестеден оза салынды.  Бүгінгі күні көпірдің астындағы жол өткеліне асфальт төселуде. 

Нысан «Ка-Строй ЛТД» ЖШС-ның мердігерлігімен жүзеге асуда. Тапсырыс беруші – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б. в.» компаниясы. Бұл көпірді жергілікті тұрғындар «Омега» көпірі деп атайды. Келісімшарт бойынша жаңа көпір екі жылда салу көзделді. Оның ұзындығы – 988 метр, ені 20 метр болады. Төрт жолақты аутокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолағы қарастырылған.
Осыдан бір ай бұрын облыс әкімі Ғали Есқалиев құрылыс жұмыстарымен танысып, жол жиек тастарының сапасының нашар екенін ескертіп, ауыстыруды талап еткен еді. Бүгінде сол олқылық толықтай жойылған. Құрылыс кестесі бойынша 2021 жылдың бірінші жартысында қайта жаңартуды аяқтау жоспарланған. Алайда шілденің аяғында құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»