ОБЛЫС, ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ЖАБЫЛДЫ! БЛОК-БЕКЕТТЕН КІМДЕР ӨТЕ АЛАДЫ?
Бүгін түнгі сағат 00.00-ден бастап Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирус пандемиясына сәйкес карантин жарияланды. Соған сәйкес, облыс орталығы Орал қаласы да жабылған болатын. Карантиндік режимдер туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтып берді.

– Қазіргі таңда қала аумағында сегіз блок-бекет ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Самара-Шымкент тас жолы бойындағы қалаға кіреберіске, Желаев трассасында, Новенький ауылына барар жолда, Самара-Шымкент тас жолы бойындағы «Ақжол» кафесі тұсына, сондай-ақ Зашаған кентіндегі Жәңгір хан Айтқұлов көшелері, Айтқұлов Саратов тас жолы қиылыстарына, «Көкжиек» ықшамауданындағы Белес, Ветелки ауылдарына барар жолға сегіз блок-пост орнатылды. Тоғызыншы блок-пост Зашаған кентінен Меловое горки, «Құс фабрикасы» ауданынан шығар жолдағы жаңа көпір, яғни Жол полициясы бекеті тұсында пайда болады. Блок-бекеттерде жергілікті полиция қызметкерлері, эпидемиологиялық мамандар және жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкерлері жұмыс жасауда. Қазір блок-бекеттердегі жағдай тұрақты. Бүгінгі таңда облыс басшылығының ұйғарымымен бір-екі күн түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезекте облыс және қала тұрғындары жұмыс орындарынан жұмыс берушінің анықтамасын алуы керек. Екіншіден, блок-бекеттегі жағдайды ыңғайластыру мәселесі. Өздеріңіз білесіздер, бұрын-соңды мұндай мәселе болған жоқ. Сондықтан бір-екі күн халық көздеген жерлеріне жетіп алуы үшін, жұмыс орнынан анықтама алуы үшін осындай шаралар қабылдануда. Бірақ ертеңнен кейін блок-постылар толықтай жабылады, – дейді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Қаберұлы.
Көпшілікті «Блок-бекеттен кімдер өте алады?» деген сұрақ мазалары сөзсіз. Бақытжан Қаберұлының айтуынша, алдымен шаһар маңындағы аудандардан келіп қалада жұмыс жасайтындар анықтамаларын көрсетіп блок-постыдан өте алады. Аудандардағы және қалада жұмыс істейтін, яғни коммуналдық құрылымдар, медициналық ұйымдар тізімге енбегендер бар. – Бұл орайда іргелес аудандағы, мәселен Теректі, Бәйтерек ауданының әкімдіктері бүгін-ертең аудандарынан қалаға келіп жұмыс жасайтын тұлғалардың тізімін береді. Біз өз тарапымыздан аудандардан келіп жұмыс жасайтын қызметкерлердің тізімін береміз. Екіншіден, егер медициналық ұйымдардың тарапынан азаматтарға шұғыл медициналық қажеттілік туындаса, блок-бекеттен шыға алады. Үшіншіден, бау-бақша маусымы басталды. Соған байланысты қаланың айналасында орналасқан 200-ге жуық бау-бақша серіктестіктерімен келісіп, тізім жасақтап, сәрсенбі, сенбі күндері ғана қаладан саяжайларына шыға алады, – дейді шаһар басшысының орынбасары.
Бұдан бөлек, кеше бас санитарлық дәрігердің қаулысы таратылған болатын. Егер қосымша сұрақтар туындаса тұрғындар БҚО бойынша Call-орталығы 109 , WhatsApp желісінде 8 700 010 91 09 нөмірлері арқылы байланысқа шығып, сауалдарын жолдай алады. Орал қаласы бойынша Call-орталығы нөмірі 50-02-55.
Қазіргі таңда коммуналдық ұйымдар мен блок-бекеттерде тұрған құзырлы органдардың қызметкерлерінің көліктеріне арнайы рұқсат қағазын тарату жұмыстары жасалуда.
Ал БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлімдеуінше, БҚО бойынша бүгінгі таңда екі науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. Жағдайлары қалыпты. Эпидемиологиялық тексеру барысында екі науқаспен тікелей қарым-қатынаста болған азаматтар оқшауланып, коронавирус жұқпасына сынама алынған. Облыс бойынша Кумыска және Бәйтерек провизорлық стационарларында 53 адам оқшауланса, Ивушка карантиндік стационарында 38 адам жатыр. Оларға күнделікті медициналық бақылау жүргізілуде. Күні кеше БҚО бас санитарлық дәрігерінің өңіріміздегі коронавирус жұқпасының алдын алуға бағытталған қаулысы шыққан болатын. Осы қаулы негізінде көптеген шаралар күшейтілген. Тізімге сай келмейтін нысандар өз жұмысын тоқтатуда. Азық-түлік өнімдерін сататын дүкендердің жұмыс уақыты таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ дәмхана, мейрамхана, кафелер үйге жеткізу қызметі болмаған жағдайда жұмысын тоқтатады. Жалпы облыс бойынша жалпы санитарлық эпидемиологиялық жұмыстар атқарылуда, күшейтілген режимде жұмыстар жүргізілуде.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу