8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2019 1441 0
Қоғам

ҚОҚЫС ШЫҒАРУДЫҢ ЖАҢА ТАРИФІ БЕКІТІЛДІ

                 Бұдан бұрын айтылғандай, алдағы жылдан бастап қоқыс шығару тарифі  қымбаттайды. Бүгін Орал қалалық мәслихатының 39-шы кезекті сессиясында депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған жаңа тарифті  бірауыздан бекітті.

                

Қалалық тұрғын үй шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиевтің айтуынша,  қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигонындағы бүгінгі таңдағы негізгі мәселе – қоқыстың шектен тыс толып кетуі және өртенуі болып отыр.  Мәселені шешу үшін айтарлықтай қомақты қаражат қажет.

– Полигон 44 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қалдықтарды дұрыстап көмуге қажетті техниканы жалға алу үлкен шығынды талап етеді. Қазіргі тариф құнын есепке алсақ, текшеметрі 160 теңгені құрайды. Яғни, қоқысты көмудің тоннасы – 761 теңге. Кәсіпорын өз шығынын өтей алмайды. Мысалы, Ақсайдағы осы тектес полигондағы қоқыс көмудің бір тоннасы – екі мың теңгені құрайды, – дейді Қанат Өмірәлиев.

Енді жаңа жылдан бастап қала тұрғындары үшін қоқыс шығару тарифі 33 пайызға көтерілмек. Көпқабатты үй тұрғындары айына жан басына – 286,3 теңге төлейді. Ал жеке сектор тұрғындары айына жан басына – 291,6 теңге төлейтін болады. Айта кету керек, жаңа тариф бойынша қалалықтар қашаннан бастап төлем жасайтыны әзірге белгісіз.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
34 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
80 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
50 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»