8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2021 2101 0
Қоғам

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ІІ ОБЛЫСТЫҚ АҚҰШТАП ОҚУЛАРЫ ӨТТІ

БҚО-да «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атты ІІ облыстық Ақұштап оқулары өтті. Оған ақын өлеңдерін жатқа оқитын, өз ойын көркем әлеби тілмен жаза білетін және ақын апамыздың ізін жалғастырушы, поэзияға құмар 48 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауды  Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы және Теректі аудандық білім бөлімінің ұйымдастырды.

 

БҚО «Дарын» қосымша білім орталығының қоғамдық-гуманитарлық бөлімнің меңгерушісі  Б.Биялиева атап өткендей, байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушылар одағының мүшесі, ақын А.Бақтыгерееваның өмірі мен  шығармашылық еңбегін  жеткіншек ұрпаққа танытып, насихаттау арқылы туған топырағымызды дәріптейтін арманшыл жасты іңкәр сезімге,өз Отанын, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу, адамды асқақ сезімге, құштарлыққа, адами жақсы қасиетке баулуды, әдеби тіл байлықтарын,  көркем сөз оқу шеберлігін дамыта отырып,поэзияға қызығушылығын арттыру, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу.

Байқау «Мені оқитын халық бар…» (эссе жазу), «Өлең деген құдірет» (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу), «Жырымды саған арнаймын» (жазба ақындар мүшайрасы) сынды үш аталым бойынша өтті.

Шараның ашылу салтанатында Ақұштап Бақтыгерейқызы бейне байланыс арқылы байланысқа шығып, оқушыларға сәттілік тіледі.

«Мені оқитын халық бар…» номинациясы бойынша қатысушылар ана тілі, туған өлке, жас ұрпақ тәрбиесіне жалынды жырлары мен сезім қылын шертер өлеңдерін арнаған қаламгердің шығармашылығы жайлы көңілде жүрген толғаныстарын, көңілге түйген  ойларын терең ой, ұшқыр қиялдары арқылы қағаз бетіне түсіріп,  қазылар алқасына жолдады. Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы үш тақырып ұсынылды.

«Өлең деген құдірет»  номинациясы бойынша қатысушылар ақынның әр түрлі тақырыпқа арналған өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп жатқа оқыды. Қазылар алқасы қатысушылардың ақын өлеңдерін қаншалықты жатқа білетіндерін видео арқылы байланысып, қорытындылады. Ереже бойынша қатысушы ақынның 20 өлеңін  жатқа білуі керек болатын. Осы номинация бойынша Жаңақала ауданы, Жаңақала мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Мира Әбдрахманова қаламгердің өлеңдерін мүдірместен, нақышына келтіріп оқып, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені иеленді.

«Жырымды саған арнаймын» номинациясы бойынша қатысушы  үміткерлер ақынға арналған өз туындыларымен сайысқа түсті. Қатысушылар қазылар алқасы берген тақырып бойынша А.Бақтыгерееваға арнап өлең шығарды. Бас жүлдеге ие болған дарынды балаларға арналған  С.Сейфуллин атындағы № облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Ақгүлім Ерболова өзінің ақынға арнаған өлеңінде ақынның шығармашылығына терең бойлап:

«Кешіп жырдың мың құбылыс жырасын,

Ғазалында ғасыр тұнған мұра шын.

Шағала боп жыр оқышы Жайыққа,

Құшақтасын жайып тастап құлашын…» деп өз жүрегінен шыққан туынды арқылы шынайы сезімін жыр шумақтарымен білдірді.

Байқау қорытындысы бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанып, өзінің тамаша өлең-жырларымен қазақ поэзиясының биіктеткен, көкжиегін кеңейткен талантты лирик ақын өлеңдерінде көркемділікпен бірге асыл қасиеттері мол. Ақұштап Бақтыгереева жырлары біздің жастарға қай кезеңде де керек. Әр жыл сайын байқауға қатысқан жас жеткіншектеріміз бүгінгі күні есімін ардақтап, жырларын жаттап қана қоймай, ой түйіп, бойларына сіңіріп өскен ұрпақ қазақ елінің рухы биік азаматы болып қалыптасары анық.

 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
129 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
133 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
170 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
189 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
569 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
709 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
743 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1018 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1028 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1156 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1454 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1550 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1579 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1786 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2057 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2278 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»