8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2020 1370 0
Қоғам

ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАР ҮЛЕСТІРІЛУДЕ

БҚО білім басқармасы республикалық бюджет есебінен алынуы жоспарланған компьютерлік құрылғылардың алғашқы бөлігі облысқа жеткізілгенін мәлім етті.


Бұдан бұрын қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында осал топтағы отбасылар оқушыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметі резервінен 14970 дана компьютерлік техника алынатыны айтылған еді. Ол үшін 2 318 399 596 теңге бөлінген. Бұл қаражат 1558 дана компьютер, 2018 дана планшет, 11394 дана ноутбук алуға жұмсалмақ.
– Бүгін 735 дана планшет келді. Осы аптада техникалардың қалған бөлігі өңірімізге жеткізіліп, қайтарымды негізде оқушыларға үлестіреледі, – деді БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

Қазіргі уақытта білім басқармасы және  «Ақжайық – адалдық алаңы» кеңсесінің өкілдері техникалық құрылғыларды тексеріп, мектептерге  беруде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»