8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қазан 2019 1733 0
Өзек

ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ҰРЛАМАҚ БОЛДЫ…

Оралда мектеп оқушысын ұрлап кетпек болған ер адам қолға түсті. Жәбірленуші қаладағы №44 мектеп-гимназиясының 5-ші сыныбында оқиды. Оқиға 16-шы қазан күні болған. 

Мектептен шыққан қыз бала Қонаев атындағы шағынауданда №27 үйге қарай кетіп бара жатқан. Сол мезгілде қара киім киген бейтаныс ер адам артынан келіп, мойнынан ұстап, артқа қарай сүйреген. Қорыққан қыз бала қатты шыңғырып жіберген. Оны сол маңда көріп қалған әйел адам құтқарып қалған. БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың мәлім еткеніндей, аталған оқиға туралы қыздың ата-анасы бірден полицияға жүгінбеген. Ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін жедел тергеу тобы мен учаскелік инспектор қыздың мекенжайына барып, содан соң тергеу амалдары жүргізілген.

 

– Жедел іздестіру шаралары барысында 1973 жылғы ер адам қолға түсті. Қыз оны таныды. Кеше ҚР ҚК 293- бабы 1-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бүгін қылмыс 125-бап 2- бөлігіне (адам ұрлау) қайта дәрежеленді. Қылмыстың анық-қанығы туралы кейін айтылатын болады, – деді С.Сүйінбаев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»