ОҚУ ПРОЦЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДЫҢ ӘР КЕЗЕҢІ ЖІТІ ҚАРАЛУДА – ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, 2020-2021 жылдарға арналған оқу процесін ұйымдастыру туралы» баспасөз мәслихатында ҚР Премъер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қашықтан оқыту балалардың, сонымен қатар ұстаздардың денсаулығын барынша сақтау мақсатында туындағанын айтты.

Премъер-министрдің орынбасары атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәуліктік өсім бүгін 0,1 пайызды құрады. Бүгін COVID-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап ауруларды жатын орындармен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, КВИ мәселелері бойынша жедел медициналық көмек шақырулары 5,5 есеге азайып отыр. Науқастардың 99 пайызы сауығып, аман-есен жанұяларына оралды. Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл COVID-19-бен күресудің дұрыс жолы таңдалғанын және оның нақты нәтижесін көрсетеді. Десек те, әлемдегі COVID-19 жағдайы бойынша қауіп әлі сейілген жоқ. Күн сайын 250 мыңнан астам науқас және 5 мыңнан астам өлім-жітім тіркеліп отыр.
– Италия, Франция, Германия, Австрия, Испания, Түркия, Ұлыбританияда соңғы айда аурудың өсуі байқалады. Сонымен қатар өзімізбен көршілес ТМД елдері арасында да мәселе бар. Ресейде бүгінгі өсім деңгейі 0,5, Өзбекстанда 0,9, Тәжікстанда 0,4 пайызды құрап отыр. Олардың бәрімен біз тығыз қарым-қатынаста отырған мемлекетпіз. Сондықтан мектептердің жұмысын, оқу процесін қашықтан оқыту бағытына ауыстыру туралы шешім сөз жоқ балалардың, сонымен қатар ұстаздардың денсаулығын барынша сақтау мақсатынан туындап отыр, – деді Ералы Лұқпанұлы.
Пандемия басталған уақыттан бері еліімзде 2400-ден астам бала коронавируспен ауырды. Қазіргі уақытта 34 бала емделуде. Осы ретте Үкіметтің міндеті балаларды қауіпті вирустан қорғау. Осы ретте оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылардың негзгі құрамын қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылданған. Бүгінде 100-ден астам мемлекет осы жүйеде жұмыс жасауда. Қазақстанда 3 млн. 400 мың оқушы болса, олардың 77 пайызы қашықтан оқыту форматында білім алып отыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірінші кезеңде кезекші сыныптар және аз контингентті мектептер ашылды. Жалпы 800 мың оқушы штаттық режимде оқуда.
Премъер-министрдің орынбасары бүгінгі күні Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектептердің жұмысын штаттық режимде жандандыру туралы ұсыныс түскенін айтты. Оған байланысты шешім жан-жақты қаралып қабылданбақ.
– Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қашықтан оқыту қажеттілігі туралы ескеретміз. Естеріңізге сала кетейін, мамыр айында карантиннен кейін балабақшалардың кезекші топтарын ашқанымызда кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан облысында және басқа да өңірлерде балалар арасында коронавирус тіркелді. Сондықтан қауіпсіздік мәселесі маңызды. Оның бәрін ескеруіміз керек. Жалпы вирустың таралуы тізбегі бір баладан бастап қоғамға жетуі өте жеңіл екені белігілі. Ашығын айтқанда, бала – сынып – мектеп – ата-ана – ұжым, одан қоғамға жалғасады. Сол себепті қауіпсіздік мәселесі Мемлекет басшысының жіті назарында. Оқу процесін жалғастырудың әр кезеңі жіті қаралып, мониторинг қорытындыларын сараптау арқылы жасалып отыр. Түсіп жатқан әр сұраққа шұғыл түрде жауап беріледі. Қашықтан оқыту жүйесіне байланысты мәселе де, сұрақтар да жоқ емес, алда атқарылар жұмыстар көп. Тұрақты оқу жүйесінің тиімділігі де нәтижесі мен сапасы да артық екені белгілі. Дегенмен, балаларымызды аман сақтап қалу – негізгі міндетіміз. Балаларымыз аман болса, ертең-ақ Сәтпаевтар да, Марғұландар да шығатыны белгілі, – деді Ералы Тоғжанов.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу