8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2019 1380 0
Өзек

Қоғамның иммунитетін көтеру ақпараттық жұмысқа байланысты

Азаматтардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруда әлеуметтік желілерді белсенді пайдалану қажет. Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов Орал қаласы мен аудан басшыларына осындай тапсырма берді.    

Кеңес отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы рөлі және Орал Епархиясының конфессияаралық байланысты нығайтудағы жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ Орал қаласы мен Бәйтерек аудандарындағы дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайына назар аударылды.

Орал қаласы аумағында 24 діни бірлестік бар. Қала әкімдігі барлық конфессия өкілдерімен бірлескен іс-шаралар туралы келіссөздер жүргізуде. Теолог мамандардан, оқытушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен, психологтардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, жұмыс жасауда. Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың баяндауынша, оқу орындарында дәрістер жүргізіліп, дін ұстанушы жастар арасында интеллектуалдық жарыстар ұйымдастырылады. Тұрақты түрде әр дүйсенбіде РУ-170-2 мекемесінде экстремизм мен терроризм бабымен сотталған 10 жазасын өтеушімен кездесулер өткізіліп, оңалту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аптасына үш мәрте қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресрустық орталықта «теологиялық кеңес» сағаты өтеді. Жыл басынан бері орталықтағы теологтардан түрлі санаттағы 100-ден астам қала тұрғыны кеңес алған. Биыл теология саласы бойынша 20 шара өткен.

–  Дін істері басқармасының тапсырмасымен түсірілген «Анаға хат» бейнеролигі қаладағы лэд-экрандарда және емханаларда көрсетілуде. Кинотеатрларда жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері үшін отандық «Алтыншы бекет» және 6-10 маусым аралығында «Асыл арна» телеарнасы түсірген «Сергелдең» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұдан бөлек тұрғындардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатымен «Инстаграм», «В Контакте», «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілерінде «Діни таным», «Руханият Орал» атты топтар мен каналдарға жүргізілген іс-шаралар шығарылып, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі жанындағы  терроризмге қарсы комиссиясының тапсырмасы бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің құрылымы өзгеріп, қала әкімдігінің қаулысына сәйкес діни бірлестіктермен жұмыс секторы жұмыс жасай бастады. Сектор облыстық дін істері басқармасымен, терроризмге қарсы комиссия және жергілікті полиция қызметімен, теологтармен тығыз байланыс орнатып, қаладағы дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің санын азайтуда қарқынды жұмыс қолға алынды. «Жусан» операциясымен елге қайтарылған тұлғалармен де жұмыстар жүргізілуде, – деді Бақытжан Хаберұлы.

Бәйтерек ауданы әкімінің мінетін атқарушы М.Залмұқановтың мәліметінше, аудан аумағында дін саласы бойынша «Шапағат шамшырағы» деструктивті діни ағымдардан қорғау және көмек орталығы» қоғамдық бірлестігі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды бастаған. Облыс басшысының орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы аталмыш бірлестіктің жұмысын белсендіруді тапсырып, қоғамның иммунитетін көтеру ақпараттық жұмысқа байланысты екенін жеткізді.

– Жастардың басым бөлігі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Сондықтан олардың санасына әсер ететіндей қолжетімді бейнероликтер дайындап, әлеуметтік желілер арқылы тарату керек. Әрі парақшалар ұдайы жаңғыртылып тұруы тиіс. Қаладағы барлық орта мектептің дінтану пәні мұғалімдері мен психологтарға семинар өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарына тартқан жөн. Деструктивті діни ағымдарға түсу қаупі бар топтармен, әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен жұмыстану керек, – деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Расул Абдурашит ғаламтордағы ақпарат алаңында Бас Прокуратура шектеу қоймаған авторлардың ақпараттары таралатынын, осы ретте ақпаратқа емес, авторларға шектеу қою қажеттігін ұсынды. Өйткені жарияланған бейнематериалға шектеу қойылғанымен, сол бейненің авторы басқа ақпарат дайындап, қайталап әлеуметтік желілерге салуды тоқтатпай отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
37 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
85 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
102 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
106 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
193 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
189 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
195 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
279 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
535 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
726 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
856 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
866 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
941 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1344 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1362 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1438 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1526 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1733 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1731 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»