8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2019 2702 0
Өзек

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА

Оралда 9 желтоқсаннан басталған «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу шарасы жалғасуда.  Аталмыш іс шараның алғашқы күнінен бастап тәртіп сақшылары күшейтілген қызмет түріне көшіріліп, қала ішіндегі және жол үстінде орын алатын түрлі құқық бұзушылықтар тексерілуде.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның алғашқы күнінде қоғамдық орындарда 3 қылмыс, көшеде 3 қылмыс тіркеліп, ілезде ашылған. Іздестірілуде жүрген 1 күдікті ұсталса, рұқсат етілмеген суық қаруларды ұстап жүрген 3 тұлға анықталды, ұсақ құқық бұзушылыққа жол берген 26 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 40 тұлға, мас күйде рөлге отырған  2 тұлға анықталды.

Сондай-ақ жедел алдын алу шарасы аясында қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басшылары, «Нұр Отан» партиясының ресми өкілдері, көліктік бақылау  инспекциясының, патрульдік полиция батальонының инспекторлары бірлесе рейдке шықты. Рейдке қатысқан жауапты басқарма мамандары  тексерісті «Автобекет» ауданынан бастады. Одан әрі С.Датов көшесі бойымен жылжып, «Мечта» сауда үйі алдына келіп тоқтады.  Осы тұстағы жол үстінде  жылдамдықты үдеткен, көлік басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен, багажына толтыра жүк тиеген, жеңіл көліктің соңына ұзын тіркеме жалғаған, полиция қызметкерлерінің дабылы мен ескертуіне құлақ аспаған көлік иелерін тоқтатты. Әр көлік жүргізушісінің құжаттары мен сақтандыру полистері тексерілді. Бір автокөлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, арнайы автотұраққа қойылды.

Іс шара 13 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
439 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»