ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІЛЕР – ПОЛИЦИЯНЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ
21 қарашада Орал қаласы полиция басқармасында «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері – жас құқық қорғаушыларға куәлік тапсыру салтанаты өткізілді. Жалындаған жастарға куәліктерді Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуанышқали Шаяхметұлы Меңдіғұлов табыстап, алдағы күндері бірлескен іс-шаралардың жүзеге асуына сәттіліктер тіледі.

Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты бірінші кезекте, еңбек, білім, денсаулықты қорғау салаларында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, жастардың зияткерлік және физикалық жағдайлар жасауға, позитивтік жастардың қоғамдық бастамаларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. Бірнеше жылдан бері түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, адамгершілік-құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында қалада поицияның қоғамдық көмекшілері жұмыс істейді. Адамдар көп жиналатын жерлерде, қала аумағында, шағын аудандарда қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жүйелі рейдтер өткізеді. Рейдтердің нәтижесінде, карантин уақытында құқық бұзушылықтар жасаған бірнеше тұлға тіркелді.
Қоғамдық көмекшілер – полицияның сенімді серігі, жыл басынан бері олардың берген мәліметтеріне сай 19 қылмыс, 257 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішу, ұсақ құқық бұзушылық, карантин режимін бұзу және т.б. Іс-шара аясында қоғамдық көмекшілер халық арасында Қазақстан Республикасы заңнамасын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Кушкиновақоғамдық көмекшілердің ат салысуымен ашылған қылмыстар туралы шағын мәлімет жасап, «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігімен ынтымақты байланыс нығаятынын айтты.
Бұндай тиімді байланыстар өз кезегінде Орал қаласындағы құқықтық тәртіпті бақылауды күшейте түседі.
Бүгінгі күні басқармаға қарасты учаскелік полиция пункттерінде құрамында 248 адам жиналған 25 қоғамдық кеңес жұмысын жүйелі жүргізуде. Оның 3-еуі студенттік жасақ, жасақ құрамында 82 студент бар. Құрамына 26 адамды жинаған 2 күзет мекемесі де қаланың түнгі тыныштығының сақшылары болып отыр.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу