8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Желтоқсан 2020 1190 0
Қоғам

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПЕТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде тараптардың бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Онлайн режимінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары, әкімдіктердің ішкі саясат, қоғамдық даму, жастар және дін мәселелері жөніндегі басқармалары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары қатысты.

Министр Аида Балаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар ведомствоның күн тәртібінде басым орын алатынын атап өтті. «Министрлік азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне біріктірудің маңыздылығын толық түсінеді. Бұл олардың нақты тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.

Ағымдағы жылы АҚДМ-де көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтер қатары автоматтандырылғаны айтылды. Ал, «қағаз баламасынан» толықтай бас тартып, цифрлық форматқа көшу бойынша жұмыс министрліктің барлық салаларында алдағы жылы белсенді жалғасады.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қатысуымен министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша талдамалық жұмыс жеделдетілді, коммерциялық емес ұйымдарға гранттық қаржыландыру үрдістерін трансформациялау жүргізілді.

«Біз министрліктің өзінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізумен шектеліп қалмаймыз. Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда да осы жұмысты жүргіземіз, азаматтармен және комплаенс-қызметтермен жұмыстың сервистік моделін енгізуді жалғастырамыз. Министрлік жұмысын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама алу бойынша халыққа арналған бірыңғай ақпараттық колл-орталық ашу да жоспарда бар» – деп сендірді жоба жетекшісі Лима Диас.

Министрліктің онлайн «Білім базасын» құрудағы тәжірибесі қызығушылық тудырды. Онда мемлекеттік тапсырыс пен гранттарды қаржыландыру шеңберінде ҮЕҰ соңғы 4 жыл ішінде жасаған интеллектуалды өнімдерді: ғылыми зерттеулерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, есептері ашық қолжетімділікте орналастырылған.

Министрлікте баса назар мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін бағалауға бағытталған, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар пысықталуда. «Қоғамдық бақылау туралы», «Онлайн-петициялар туралы» заң жобаларына және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға енгізілетін жаңалықтарды әзірлеуде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыс ерекше назар аударуға тұрарлық.

«Министрлік парасаттылық идеологиясын ілгерілетудегі негізгі әріптес болуға тиіс. Қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы оң заңнамалық өзгерістер, қоғамдық бақылау және онлайн-петициялар желісі бойынша новеллалар – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінде, демек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ашықтық пен айқындықты арттыруда серпінді рөл атқаратыны сөзсіз», – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев.

Спикер сондай-ақ, ақпараттық және түсіндіру жұмыстарының өзектілігін атап өтіп, азаматтық қоғамның басты рөліне назар аударды. «Жастар форумдар мен флешмобтарға қатысумен шектелмеуі тиіс – оларды пәрменді іс-шараларға тарту қажет. Осыған ұқсас этно-мәдени орталықтар мен дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері парасаттылық идеологиясын таратуға және дәріптеуге нақты қатысуы тиіс», – деді.

Шара барысында Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрайымы Айгүл Соловьева, «Қоғамдық бақылау» тобының үйлестірушісі Саида Тәукелева сияқты азаматтық белсенділер өз ойларымен бөлісті.

Атап айтқанда, Айгүл Соловьева: «Министрлік басқа мемлекеттік органдарға ашықтықтың көрнекі үлгісін көрсетуде. Өткен жылы АҚДМ министрдің қатысуымен 40-тан астам түрлі онлайн-алаң өткізді, онда кез келген ниет білдіруші өз пікірін білдіріп, сұрақ қоя алды. Бұл трендті барлық мемлекеттік органдар қолдауы тиіс», – деді.

Шара соңында министр А. Балаева Агенттіктің ұсынымдары негізінде министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша бірлескен жоба әзірлейтінін жеткізді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
206 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
252 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
530 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
542 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
669 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
970 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1061 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1089 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1300 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1569 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1797 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1836 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1983 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2180 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2403 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»