8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2019 2575 0
Қоғам

ҚОҒАМ ТӘРБИЕСІНЕ АНАЛАР КЕҢЕСІ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСУЫ КЕРЕК

Бүгін Оралдағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  Оған  облыстық, қалалық және аудандық аналар Кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері, оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі басшы орынбасарлары, жастар мен студенттер қатысты.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты аналар Кеңесі қызметінің жүзеге асырылуы мен жұмыс бағытын талқылау, іс-шаралар жоспарын бекіту, аналар Кеңестерін мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуына белсенді тарту, жастар арасында Қазақстан халқының мәдениетін, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын насихаттау және тәрбие жұмысына белсенді араласуға аналарды тарту болып табылады.

Кеңес отырысының ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұлов 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аналар Кеңесінің төрайымдарын облыс әкімі А.Көлгіновтің атынан алғыс хаттармен марапаттап, шағын сыйлықтар табыстады.

Кеңес күн тәртібінің алғашқы сұрағы бойынша Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов Батыс Қазақстан облысында  Аналар Кеңесі қызметінің картасының жүзеге асырылуы және Аналар кеңесінің қызметі мен жұмыс бағыты туралы баяндама жасады.

Казталов аудандық аналар Кеңесінің мүшесі Хабибуллина Нұрия Самиғоллақызы аудандағы аналар кеңесінің мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуы жөнінде және аудан көлемінде биылғы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің төрайымы Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы дәстүрлі қазақы тәрбие бағытында «Қазақ тәрбиесі жүйесіндегі ар-намыс пен абырой»  тақырыбында ойымен бөлісіп,  Аналар кеңесінің отырыстарында дәстүрлі қазақы тәрбие тақырыптарын талқылау туралы әңгімелер айтылуы қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ еңбек ардагері Сәния Хамзина, «Үміт» Орал өңірі әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлия Болатқызы, Сырым ауданы аналар кеңесінің төрайымы Гүлбақша Ерғалиева, жазушы-журналист Мира Шүйіншәлиева қоғамдағы өзекті тақырыптарды, келеңсіз жағдайларды қозғап, ұл-қыздардың тәрбиесіне аса көңіл бөлу қажеттігін айтты. Бұл үшін аналар кеңесі мүшелері әлеуметтік ұйымдармен байланыс орнатып, кеңес жұмысын күшейтуі керек.

Шара соңында кеңес мүшелері жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылдады.

Өз тілшіміз,

суреттерді түсірген Р.ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
195 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
358 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
393 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
664 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
677 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
803 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1109 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1200 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1224 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1436 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1708 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1930 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1970 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2116 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2315 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»