8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2019 2242 0
Өзек

НЫСАННЫҢ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕГЕНІ ҮШІН 42 БАСШЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ 

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша террористік тұрғыдан осал саналатын 688 нысан тексеріліп, тиісті талаптарды орындамағаны  үшін 42 басшы әкімшілік жауапқа жауапқа тартылған.

Бүгін БҚО полиция департаментінде «Атамекен»  ҰКП өкілдері, террористік тұрғыдан осал деп танылған мекемелер, түрлі бизнес нысандарының қатысуымен өткен басқосуда өздеріне тиесілі нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын заң талаптарына сәйкестендіру, қызметкерлерге тоқсанына бір мәрте қосымша іс-шаралар жүргізу қажеттігі айтылды.

Террористік тұрғыдан осал нысандар ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына және ҚР Үкіметінің террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту»  туралы қаулысына сәйкес жылына бір мәртеден кем емес тексеріледі.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 140-бабы 21 тармағына сәйкес нысандар жоспардан тыс тексеріледі. Әрі басшылары мен иелері де алдын ала ескертілмейді.

БҚО ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Қасым Дүйсеғалиевтың мәліметінше, 2018 жылы террористік тұрғыдан осал 688 нысан тексеріліп, объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнің тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін 42 басшы жауапқа тартылған. Әкімшілік  сот арқылы жалпы сомасы 9 млн. теңге айыппұл салынған. Мемлекет пайдасына өндірілгені – 7млн. 700 мың теңге.

–  Анықталған заңбұзушылықтар әр түрлі. Мәселен, бейнебақылау жүйесі ақпараттарының сақтау мерзімінің жеткіліксіздігі, нысандағы бақылау жүйесін басқарудың қолжетімді болмауы, қызметкерлерді орын-жайды қарау және жарылғыш заттар қойылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша өткізілген алдын алу және оқу іс-шараларын тіркеу кітабының болмауы. Демек іс-шара жүргілімеген, Тексеру кезінде қызметкерлердің бөгде затты тапқан кезде қандай әрекет жасауы керектігін білмейтін болып шықты. Ос жағдайлар бойынша басшыларына айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың көлемі 10-500 АЕК аралығында. Бір нысанның қызметі уақытша тоқтатылды, – дейді басқарма қызметкері Артем Гусев.

Нысандарды тексеру жұмыстары жалғасуда. Биыл жыл басынан бері 50-ден астам нысан тексерілген.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»