8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 871 0
Қоғам

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫ» ӘР ОБЛЫСТЫ, ӘР АУЫЛДЫ ҚАМТИДЫ – НҰРЛАН НЫҒМАТУЛЛИН

 Мәжілісте төрағасы, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракцияның кеңейтілген отырысы өтті. «Жол картасындағы» тапсырмалардың орындалуын бақылайтын депутаттар бекітілді.

Онда Үкіметтің және «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысы туралы айтылды.

Жиынға Премьер-министр Асқар Мамин, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Үкімет мүшелері қатысты.

Елбасының 14 қаңтарда партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған тапсырмасы туралы айтқан Мәжіліс төрағасы:

«Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, бұл бағдарлама осы жылдарда жасалға реформалардың заңды  жалғасы. Сонымен бірге, бұл құжат – бүкіл елімізді жаңғырту және барша қазақстандықтардың өмірін жақсартудың нақты жоспары», – деді.

Мәжіліс спикері бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражаттардың көзделгенін атап өтіп, депутаттар сыртқы және ішкі нақты жағдайларды ескере отырып, кезекті республикалық бюджет жобасын қарау кезінде халық алдындағы міндеттемелерді қаржыландыру үшін қажетті түзетулерді енгізуге дайын екенін жеткізді.

«Елбасымыздың «Жол картасын» әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес, көптеген жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Оған фракция депутаттары да, Үкімет мүшелері де, партия өкілдері де белсенді қатысты. Алдағы жоспарларымыз, мақсаттарымыз белгілі. Енді осы бағытта жұмысымызды одан әрі  жалғастыратын  боламыз» – деді Нұрлан Нығматулин.

«Жол картасы» партияның нақты мақсаттарға бағытталғанын жеткізген палата спикері сайлауалды бағдарма халықтың барлық санатын қамтығанын айта келе:

«Сонымен бірге, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, денсаулық, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа қадам жасалынды. Осы бағдарламада отбасын, әйел азаматтарды, жастарды  қолдауға да ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсаттарға жету үшін «Жол картасының» әрбір тармағының орындалуын қатаң бақылау қажет. Бұл Елбасымыздың қаңтардың ортасында бізге берген  тапсырмасы» – деді.

Бұл ретте «Жол картасының» барлық бағыттары Мәжілістің комитеттері арасында бөлінген. Ал «Жол картасының» нақты тармақтарына бақылауды күшейту үшін «Nur Otan» фракциясының депутаттары бекітілді.

Сонымен қатар, депутаттар бағдарлама тармақтарының орындалуы туралы ақпарат беруге дербес жауапты мемлекеттік органдардан да анықтауды ұсынды. Кем дегенде, бұл вице-министр деңгейінде болуы керек жиынды қорытындылаған Мәжіліс төрағасы:

Бұл «Жол картасы»  – әрбір облысты, әрбір ауданды әрбір ауылды және барлық халықты қамтиды. Алға қойған міндеттерді, ашық, сапалы, тиімді орындауға кең  жол ашады. Себебі, онда партиямыздың Төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық сала бойынша, әсіресе, әлеуметтік сұрақтарды шешудің нақты  шаралары көрсетілді», – деді.

фото: parlam.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су басқан үйді бағамдады
21 Мамыр 2024
109 0
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
233 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
181 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
447 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
636 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
632 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
1073 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1139 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1156 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1177 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1201 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1569 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1694 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1722 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
2001 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
2010 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2139 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»