«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ХХV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін қала әкімдігінің үлкен залында «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті. Жиында Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Cъезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын өңірімізде жүзеге асыру барысы талқыланды. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясына делегаттар сайланды.

«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен өткен конференция жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, партия активі, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, қалалық бөлім және кәсіпорын басшылары, «жасотандықтар» қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Халыққа көмек» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысы туралы Орал қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қырмызы Айтқалиева баяндама жасады. Партияның съезінде Елбасы Н.Назарбаев атаулы әлеуметтік көмектің критерийлерін 70 пайызға көбейту және аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы әр балаға төленетін төлмақының шекті мөлшерін 20 789 теңгеге бекітуді тапсырған болатын. Бөлім басшысының айтуынша, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қалада нақты жұмыстар атқарылуда. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің төлену тәртібін халыққа түсіндіру мақсатында ағымдағы «Ашық әкімдік» шаралары өтуде. Жұмыспен қамту орталығы жанынан СаІІ орталығы құрылған. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа мемлекет қоржынынан 108,4 млн. теңге қаражат бөлінсе, оның 43,2 млн. теңгесі жергілікті, 65,2 млн. теңгесі республикалық бюджет есебінен қарастырылған. Наурыз айында 578 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалса, олардың 167-сі көпбалалы отбасы. Бұдан әрі «Құтты мекен» партиялық жобасы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада атқарылып жатқан жұмыстар туралы Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мүлкәй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев баяндады.
Күн тәртібінің екінші мәселесінде сәуірдің 18-інде Орал қаласында өтетін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.
Қала әкімі Мұрат Мұқаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімін халық толық қолдайтынын жеткізді. – Бұл биліктің тұрақтылығы мен елдің бірлігін нығайту үшін қабылданған уақытылы әрі өте орынды шешім. «Nur Otan» партиясы сайлау науқанына тас-түйін дайын. Ол үшін біз өзіміздің ұйымдастырушылық, кадрлық, саяси және ақпараттық әлеуетімізді пайдаланып, заң аясында жұмыс істейміз. Сайлау еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің одан әрі күшеюіне оң әсерін тигізіп, халықты Елбасының саясаты аясында жаңа мақсаттарға жетелейді деп сенеміз, – деген Мұрат Рахметұлы еліміздегі жетекші саяси партия ретінде «Nur Otan» Президент сайлауына белсенді түрде қатысатынын атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында партияның кезектен тыс XIX съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойған. Сол съезде «Nur Otan» атынан сайлауға қатысатын кандидаттың есімі белгілі болмақ. Осы орайда сөз Орал қалалық мәслихатының депутаты, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Нұржан Сертеков алдағы Президент сайлауы әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейтінін айтып, сайлаудың уақытынан бұрын өтуі еліміз үшін дұрыс қабылданған шешім деген пікірімен бөлісті.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу