НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНЕ ЮНЕСКО СЫЙАҚЫСЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Қытайдағы Цзинанда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды! Бұл Зияткерлік мектептердің үлкен әрі кәсіби ұжымы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттық білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. NIS білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.

Дипломмен мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған 20 мың доллар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға тапсырылды. Wenhui Award «Білім беру – 2030» күн тәртібін ілгерілету үшін университет пен мектеп арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. 2019 жылдың финалдық кезеңінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған. ЮНЕСКО-ның сыйлығы сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпал ететін жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы сәтті серіктестік үшін – балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және дүниежүзілік жаһандық азаматтыққа дайындаған қазақстанның инновациялық мектептеріне берілді.
– Беделді марапатқа ие болу туралы қазан айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды. Құттықтау хатында Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат атап өтті. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген аса құрметімді білдіріп, асқан қуанышпен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы ынтымақтастық саласындағы үздік оқу орындарының бірі ретінде танылды. Алғашқылардың бірі болып NIS-ті жаңа табысымен 2011 жылдан бастап Қазақстанның инновациялық мектептерінің серіктесі болып табылатын Кембридж университеті құттықтады. Кембридж университеті білім беру мектебінің ресми сайтында: «Әріптестік факультеті мектебі білім беру инновациясының марапатын алды «Білім берудегі инновациялар» деген ақпарат жарияланған.
– НЗМ салмақты байқауда жеңіске жетіп, «мектептер мен студенттер арасындағы серіктестік» бағытын сәтті құрғаны үшін марапат алды. Құрылған күннен бастап, НЗМ ұлттық және халықаралық университеттермен бірге түлектерге қолдау көрсету және олардың жетістіктерін тану мақсатында ынтымақтастық орнатты. Назарбаев Зияткерлік мектептерін фантастикалық жетістігі мен осы марапатқа ие болуымен құттықтаймыз.
Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері қазақстанның үздік университеттерімен серіктестік қарым-қатынаста: Назарбаев Университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, КИМЭП, Сәтпаев университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы Менеджмент университеті, Нархоз университеті «Бизнесті әкімшіліктендіру бакалавры» мамандығы бойынша, Сүлеймен Демирел атындағы университеті және тағы басқалары.
Бүгінгі таңда NIS-programme оқу бағдарламасы мен НЗМ 12-сынып сертификатын бірқатар халықаралық ұйымдар мойындады: Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы (UK NARIC), Голландияның білім беруді интернационалдандыру бойынша ұйымы (NUFFIC), Германия федералды жерлерінің және білім министрлерінің тұрақты конференциясының кеңесі және Швейцариядағы қонақүй менеджменті саласындағы провайдері Swiss Education Group.
NIS-programme оқу бағдарламасы мен Сертификатты шетелдік жоғары оқу орындары мойындады: Кембридж Университеті, Борнмут университеті, Глазго Каледония университеті, Гонконг қалалық университеті (ҚХР), Гонконг политехникалық университеті, Пусан ұлттық университеті, Йонсей университеті (Оңтүстік Корея), Монаш университеті (Австралия), олар НЗМ түлектерін жоғары оқу орнына дейінгі курсты өтпей-ақ бакалавриат бағдарламаларына қабылдайды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу