8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2019 2162 0
Қалалықтар қаперіне

НАН БАҒАСЫ ӨСЕ МЕ?

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында астық өнімділігінің азаюына байланысты нан бағасының өсуі мүмкін деген болжамға жауап берді.

«Егер нан бағасы туралы айтар болсақ, әзірге тұрақты. Әлеуметтік бір бөлке нан бағасы – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Астық бағасы көтерілген жағдайда ӘКК механизмдері енгізіледі. Тіпті оған әкімдіктер мен азық-түлік корпорациясының тұрақтандыру қорлары қатысады. Нан бағасының өсуі туралы айтуға әлі ерте. Әзірге астық жинау науқаны жүріп жатыр. Бізге әлі шамамен 20% жинау қажет. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», – дейді Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

Сапаров баспасөз мәслихатында баға айтарлықтай өспейтініне уәде беріп, әлеуметтік нан бағасы бұрынғыдай қалатынын айтты.

«Тіпті солай болса да, айтарлықтай баға өспейді. Бірақ әлеуметтік нан бағасы бұрынғыша қалады. Бүгінде әкімдіктер тұрақтандыру қорларына ұн сатып алып жатыр. Әлеуметтік нанға байланысты мәселе көріп тұрғанымыз жоқ», – деді ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ауа райына байланысты егін жинау науқаны өте қиын жағдайда өтіп жатқанын айтқан болатын.

 

https://baq.kz/news/othernews/nan-bagasy/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»