НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АТЫНАН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдағы жетістіктері туралы бүгін Батыс Қазақстан облысы активінде айтылды. Жиында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйлеп, Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша ерекше көзге түскен батыс қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Облыс тұрғындарын мерейтойлық мерекемен құттықтаған Мәжіліс Спикері, осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктер – барлық қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің және ел басшылығы бастамаларының жарқын үлгісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Палата Төрағасы қазақстандықтар үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің серпінді дамуының негізгі кепілі екенін және Елбасы идеялары Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз еткенін айтты. -Осы жолда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің даму стратегиясын одан әрі жалғастырып, саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда. Президентіміз, ең алдымен, әлеуметтік қолдаулар мен дағдарысқа қарсы шараларға баса назар аударды. Осы бағытта көп балалы аналарға, арнайы көмек қажет азаматтарға қатысты әлеуметтік қорғау шаралары қолға алынды. Басқа да еліміздегі барлық салалар бойынша нақты қадамдар жасалуда, – деді Нұрлан Нығматулин. Мәжіліс Төрағасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік, экономикалық мүмкіндігі жоғары, береке – бірлігі мықты, заманға сай өсіп-өркендеудің, дамудың үлгісін көрсетіп келе жатқан еліміздегі ірі өнеркәсіптік және аграрлық аймақтың бірі екенін айтты. Сондай-ақ, аймақтың өнеркәсіптік, аграрлық және транзиттік әлеуетін және Қазақстанның жаңа өнеркәсіп саласы – әскери кеме жасау негіздері қаланғанын атап өтті. Іс-шарада еліміздің және өңірдің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін батысқазақстандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды. «Парасат» орденімен құрылыс компаниясының басшысы Александр Потиченко марапатталса, «Құрмет» орденімен мектеп-лицей мұғалімі Ольга Столярова, дәрігерлер Светлана Есіркеп және Әліби Төлегенов, зоотехник Мақсұт Балқыбаев марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені сырлаушы Жаңғақ Айболатовқа, бақташы Батырғали Оңаевқа табысталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандардың ішінде еңбек ардагері Нариман Өтешев, инженер Флора Понамарева бар. Нұрлан Нығматулин қазір еліміз өз тәуелсіздігінің төртінші онжылдығына аяқ басқан кезеңде Қазақстанның алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұрғанын айтып, оларға қол жеткізу үшін бізде ұзақ мерзімді стратегия, ел басшылығының жаңа бастамалары және барлық қазақстандықтардың жасампаз еңбегі маңызды екенін атап өтті.
https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/299557?lang=kk
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру

Пікір үстеу