8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2019 2015 0
Қоғам

МУЗЕЙДЕ – БҚИТУ-ДЫҢ КӨРМЕСІ

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында және Жастар жылына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қолға алған «Музейстар – 2019» жобасы аясында «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің көрмесі ашылды.

Музей директоры Мирболат Ерсаев атап өткендей, жоба наурыз айында мәдениет басқармасының қолдауымен бастау алған болатын. Басты мақсат – музейге жастарды тарту, өңіріміздегі жеті оқу орны студенттерінің жетістіктерін көрсету. Жыл соңында қорытындыланатын жобаның нәтижесінде «Музей және жастар» атты ауқымды семинар ұйымдастыру жоспарланған. Жоба аясында оралдықтар М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың көрмесін тамашаласа, енді Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен толығырақ танысуға мүмкіндік бар. Еліміздегі 133 оқу орнының 89-ы қатысқан рейтингте бұл оқу орны 14-ші орынды иемденіп, жоғары сапада мамандар дайындайтын 20 үздік оқу орнының қатарына енген.

Көрменің ашылуына музей ардагерлері мен аталмыш оқу орнының ұстаздары, қала жастары қатысып, униврситет ректоры Раушан Габдуалиева жас буынның тарихы мен халықтық дәстүрді тереңірек танып білуіне мүмкіндік жасаған тарихи-өлкетану музейінің ұжымына алғысын жеткізді. Көрмеге оқу орнының тарихына қатысты деректер, профессорлық-оқытушы құрамның фотоматериалдары мен ҚР білім және ғылым министрлігінің мараппаттары, ғалымдардың монографиялары мен шығарған кітаптары, студенттердің дипломдық жұмыстары, қолөнер бұйымдары және заттай жәдігерлер қойылған. Оқу орны жалпы 200-ден астам құжаттар мен бұйымдарды әкелген.

– Университетіміздің студенттері облыстық қана емес, республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық, спорттық шараларға қатысып, жүлделі орындарды қанжығалап жүр. Биыл оқу орны бірнеше халықаралық конференцияларға қатысты. Латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған екі халықаралық конференцияны өзіміз ұйымдастырдық. Сондай-ақ республикалық жазғы универсиаданың үш спорт түрін өткізіп, еліміздің әр түкпіріндегі оқу орындары бойынша 18 командадан 150 студент Оралға келді. Бұл спорт сайысында да біздің студенттеріміз алтыннан алқа тақты. Олар қазір шілде айында Италияда өтетін дүниежүзілік универсиадаға дайындалуда,­ – деді білім ордасының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Әбекешов.

Атап өтейік, қаладағы бірнеше жеке оқу орындарынан біріккен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің көрмесі 21 маусымға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде университеттің әр факультеті «Мені қоршаған орта», «Менің сүйікті қалам», «Жастар дауысы»  шараларын өткізбек.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
18 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
356 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
364 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
496 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
890 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1128 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1394 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1623 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1658 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1811 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2006 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2231 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»