ӘМСҚ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыруды 36%-ға арттырды
МӘМС-ды енгізгеннен кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің көмегімен емделгендер 23%-ға көбейді.

2020 жылғы 1-тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға көп. Сонымен бірге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді пайдаланатын аталған саннан көбірек пациенттерді емдеу жоспарланғанын айтады. Алайда, Алматы мен Нұр-Сұлтандв енгізілінген шектеулерге байланысты ғылыми орталықтары жабық болды, бұл қорытынды көрсеткішке әсер етті.
«Өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды», – деп Қорда түсіндірді.
Сонымен бірге осы қызметтерді қаржыландыру көлемі 2020 жылдың 1-тоқсанында 36%-ға артып, шамамен 7 млрд теңгені құрады.
Жоғары технологиялық қызметтерді қолдана отырып, қан айналымы жүйесі аурулары бар науқастар көп емделді (57%). Тағы 8% – туа біткен ауытқулары бар, 6% – дан-несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары, жарақаттар мен уланулар.
«ЖТМҚ қаржыландыру көлемін ұлғайту оларды алу үшін күту мерзімін азайтуға және жаңа қызмет көрсетушілерді тартуға мүмкіндік береді. Жиынтығында бұл шаралар халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс», – деп атап өтті ӘМСҚ баспасөз қызметі.
Қызметтер тізіміне заманауи алдыңғы қатарлы әдістерді қолданумен жүзеге асырылатын 80-ге жуық бірегей технологиялар енетіндігін атап өткен жөн. ЖТМҚ қамтамасыз ету үшін өте жоғары деңгейлі мамандар қажет.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу