8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Ақпан 2020 1155 0
Қоғам

МОМЫШҰЛЫ КӨШЕСІНЕ – ЖОЛ, ТОҚСАНОВҚА – ЖАРЫҚ КЕРЕК

             Қала әкімінің есептік кездесуі ақпанның 10-ы күні қаладағы №42 орта мектепте жалғасты. Шаһар басшысы солтүстік-шығыс бөлігі ауданында тұратын тұрғындары алдында өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді нақтылады.  

Әсіресе, қала  басшысы тұрғындар тарапынан үнемі көтеріліп жүрген мәселелер – абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік, инженерлік желілер, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне ерекше тоқталды. Жұртшылықтың Тоқсанов көшесін жарықтандыру туралы өтінішіне «Қаланың 268 көшесі мен 372 аула аумағы жарықтандырылған. Орал қаласының көше-жол желісінде 20 000-ға  жуық жарық нүктесі бар. 2019 жылы қала бойынша 2007 дана электр үнемдейтін шам  ауыстырылды. Сонымен қатар Есенжанов көшесінде 84 шам ауыстырылды» деген Абат Абайұлы  қалада ағымдағы жылы 15 мың шамды ауыстыру жоспарланғанын, алынған шамдар жарығы жоқ көшелерге қойылатынын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан №42 орта мектептің 1200 орынға шақталғанымен, мұнда қазір 2000-нан аса бала білім жатқаны айтылып, осы аумаққа жаңа мектеп салу мәселесі қозғалды.  – Бірінші кезекте қаладағы бес үшауысымды мектепті жабуға жұмыстанудамыз. Ол үшін жекеменшік инвестицияны көп тартуымыз керек. Әйтпесе, бюджеттен бөлінетін қаражатпен жылына бір мектеп бітіреміз. Қалада 2 апатты мектеп бар,  олар №31 және №33 білім ұялары.  №33 мектеп құрылысының ЖСҚ сараптамасының оң қорытындысы алынып, тиісті қаражат бөлінді. Қазіргі таңда сүрілу жұмыстары жүргізілуде, – деген шаһар басшысы бұл мәселенің орынды екенін, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа мектеп құрылысы жоспарда бар екенін айтты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 Нұржан БЕККАЛИЕВ, тұрғын:

– Бізге Правдухина көшесінен «Ел ырысы» ауданындағы асфальтқа шығатын жаяу жүргіншілер жолы керек. Правдухин көшесінде қоқыс жәшігі де, жауапты мекемемен келісімшартымыз да жоқ. Бірақ, қоқысқа ақша төлеп жүрміз.

Абат ШЫНЫБЕКОВ, қала әкімі:

– Өткен жылы 855 қоқыс жәшігі сатып алынды. Қазіргі таңда қала аумағындағы 722 жерде қоқыс алаңына 3000-ға жуық қоқыс жәшігі қойылған. Биыл да қоқыс жәшіктерін сатып алу жоспарда бар. Сіздің көшеңізге де орнатылады. Әр адам қатты тұрмыстық қалдық үшін төлем жасауы тиіс.

Нұркен САРИЕВ, 5 шағынаудан тұрғыны:

– 5 шағынауданы 3-үй тұрғындарының атынан келдім. Баспанамыз 2013 жылы пайдалануға берілді. Содан бері үйдің іргетасы отырып, қабырғалары сөгілген. Төбесі жарық. Бесінші қабаттан жаңбыр, еріген қар суы ағып тұр. Жертөле судан толып тұр.  Жағымсыз иіс шығады. ПИК-ке айта-айта шаршадық.

Қанат ӨМІРӘЛИЕВ, ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

– Бұл жайттан хабардармын. Мәселе бар. Төбе жабынын ашып, қайта жабу қажет. Мамандар қарап, қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар екенін айтты. Жергілікті компаниямен бірігіп, жұмыстанамыз. Ал жертөлені әуелі сізбен бірге барып қараймыз. Содан соң тиісті шаралар қабылдаймыз.

Зұлқаш БАУБЕКОВ, Б.Момышұлы көшесінің тұрғыны:

– Мен көршілерімнің аманатымен келіп тұрмын. Жеңістің 65 жылдығы кезінде Бауыржан Момышұлы көшесін абаттандыру жұмыстары жасалды.  Жол салынған кезде, 400-450 метр жол аяқсыз қалды. 2015 жылы бұл мәселе көтеріліп, жобалау-сметалық құжаттары жасалды. Енді ЖСҚ мерзімі өтіп кете ме деген қорқыныш бар. Облыс басшысында болғанымда, бірінші кезекте тұрғанымызды айтқан еді. Биыл тізімде тағы жоқпыз. Бауыржанның есіміне көшеміздің аты сай келмей тұр. Ұлы Жеңістің 175 жылдығы қарсаңында атамыздың көшесіне көңіл бөлінсе?

Абат ШЫНЫБЕКОВ, қала әкімі:

–  Көше бойынша өткен жылы басталған жұмыстар биыл жалғасуда. Жағдай түсінікті. Мүмкіндіктерді қарастырамыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
60 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
242 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
283 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
561 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
573 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
699 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1001 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1093 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1120 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1330 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1602 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1827 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1866 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2013 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2212 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»