8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2019 2819 0
Қоғам

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАР ТАҚТЫ

             Кеше қалалық әкімдіктің кіші залында «Ерекше Тәуекелді солдаттар» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, облыстық мүгедектер қоғамы өкілдері бас қосты. Ардагерлерді қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Молданиязов қала әкімі Мұрат Мұқаевтың атынан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, мерекелік медальдар табыстады.

 

Басқосуда өңіріміздің әр ауданынан жиналған полигон төңірегінде әскери міндетін өтеген, жұмыс жасаған және одан зардап шеккен жандар сынақ алаңында болғандардың түйінді проблемаларын ортаға салды.  «Ерекше Тәуекелді Солдаттар» ҚБ БҚО бойынша төрағасы Есім Бектілеуов  Семей полигонында жарылыс аймағын көзімен көріп, сол кезде азаматтық борыштарын өтеген жауынгерлердің  құқықтарын қорғау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. – Семей полигонында әскери борышымызды өтедік. Көп нәрсенің байыбына тереңдеп бармайтын жас болсақ та, жергілікті халықтың басына түскен қасіретті сездік. Жарылыс салдарынан қайтыс боп кеткендері өз алдына ғой, айықпас ауруға шалдыққандарды көрдік. Бойымызды аяныш сезімі билегенімен, қолдан келер дәрмен жоқ. Міне, содан бері талай жыл өтті. Бүгінде кездесіп, сол күндерді еске алуға, бір-бірімізді моральдық тұрғыда қолдауға мүмкіндік бар, – деді Талғат Зарифов.  Ал  ардагер Великий Тұяқов: – Біз көргенді бүгінгі жастардың бастан кешпегенін қалаймын. Жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының сырын ұғып, мұңын түсіндім. Қаншама адамның ғұмыры қиылды. Осы жерде отырғандар Кеңес Одағы кезінде әскер борышын адал атқарғандар,  – деп кейінгі ұрпақтың аспаны ашық болуын тіледі.   «Ерекше Тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сайлау Хамитов Семей ядролық полигонында жасалған сынақтан зардап шеккен азаматтарға арналған жеңілдіктерді кеңейту жөнінде мәселе көтеріп, Президенттің өзі қол қойған құжаттың тек біздің өңірімізде ғана күші жоқтығын тілге тиек етті. Шара барысында ардагерлерге «Ерекше Тәуекелді солдаттар» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан мерекелік медальдар мен алғыс хаттар табысталды.

  

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Мұрат ЕСҚАЛИЕВ, «Ерекше Тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

– Ресей Федерациясы, Оренбург облысы, Первомай ауданынан келдім. Қазақстанмен салыстырғанда Ресейде біздің қоғам мүшелеріне жеңілдіктер көп. Қоғамдық көліктер тегін, емханаларға, банктерге құжатпен кезексіз қабылдайды. Құрмет ерекше. Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе теңестірілген тұлғалардың үйінің жанында тақтайша ілініп тұрады. Орал қаласына жиі келіп тұрамын. Мұнда жеңілдіктер аз. Семей полигонына өңіріміздн 17000 адам қатысса, соның 1000-ға жуығы ғана бар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
293 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
554 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
794 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
829 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
983 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1178 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1413 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1497 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1607 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1615 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1645 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1651 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1754 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1973 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2283 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»