8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Тамыз 2020 1100 0
Қоғам

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде ҚР Конституциясының 25  жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шаһар басшысы Абат Шыныбеков жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Әр салада еңбек етіп, ҚР Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге үлес қосқандарға «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі табысталып, еліміздің дамуы жолында еңбек етіп жүрген мамандарға қала әкімінің алғыс хаты ұсынылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласына жаңадан келген жас қызметкерлер осы жиын барысында салтанатты түрде ант қабылдады.

– Конституциямыз қабылданған күннен бастап, Тәуелсіз мемлекетіміздің татулығы мен тұрақтылығының мызғымас тұғырына айналып, елдігіміздің іргесін бекітіп, дамудың даңғыл жолына түстік. Азат елдің ар-намысындай болған Ата Заңымыз қазақтың ұлан-байтақ даласының кеңдігін де, елінің ерлігі мен өрлігін де бойына сыйғызған қастерлі құжат. Бүгін, міне, осы залда бұдан ширек ғасыр бұрын бүкілхалықтық референдумда Конституциямыздың бірауыздан қабылдануына үлесін қосқан ағаларымыз бен апаларымыз, Ата Заңымыздың аясында елдің игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген және заң талаптарының сақталуы жолында өзіндік үлестерін қосып жүрген әріптестеріміз бен замандастарымыз бар. Баршаңызды айбынды Ата Заңның 25 жылдығымен құттықтаймын. Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы еңбектеріңізге  алғысымды білдіремін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деп қала басшысы Абат Абайұлы мерекелік ізгі тілегін білдірді

Салтанатты жиында «Аяз» ЖШС директоры Амангелді Ермекқалиевқа, «Айдана» ЖШС инженері Александр Климовқа, «Уралтехсервис» ЖШС кеңесшісі Александр Бакланға, «Клад» ШҚ басшысы Марина Кладчиковаға, қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Талғат Қайрекеевке, қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Ақиіс Ихсановаға, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушілері Алтынғаным Байғұтова мен Галина Курочкинаға, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Қымбат Бектілеуоваға, «Жастар» Мәдениет үйінің әдіскері Елена Ароноваға, Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясының электромонтері Асылбек Есенғалиевке, «Жайық таза қала» ЖШС жұмысшысы Нұрболат Есенғалиевке, «Батыс су арнасы» ЖШС жүргізушісі Геннадий Жұмағалиевке, №20 орта мектеп мұғалімі Нәйля Мерғалиеваға, №28 мектеп-лицейінің мұғалімі Роза Хамитоваға, №25 «Солнышко» бөбекжайының әдіскері Ольга Горбуноваға, №27 «Жігер» бөбекжайының тәрбиешісі Сәбиля Рамазановаға, Д.Нұрпейісова атындағы саз мектебінің мұалімі Наталия Ростоваға, «Жұлдыз» би студиясының жетекшісі Аягүл Салықоваға «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығмет, еңбек ардагері Тілекқабыл Сағынов, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Александр Мозжухин, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Исаева, қала әкімдігі аппараты персональды басқару қызметінің бөлім басшысы Онат Қамбетов, еңбек ардагері  Сайра Тлеужанова, ерікті Талғат Чудобаев, еңбек ардагері Құрманғали Байғаржанов  Қазақстан Республикасының Конституциясының 25  жылдығына орай төсбелгімен марапатталды.

Сондай-ақ бірқатар құқық қорғау саласы қызметкерлері мен қала әкімдігінің мамандарына және коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезеңінде ардагерлерге, ақсақалдарға, көпбалалы аналарға қамқорлық көрсете білген еріктілерге қала басшысының алғыс хаты ұсынылды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
196 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
198 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
670 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
747 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
762 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
787 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
804 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1172 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1301 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1333 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1609 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1615 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1749 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2040 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2140 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2164 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2375 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»