8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Тамыз 2020 1443 0
Қоғам

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ВОЛОНТЕРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

           Биылғы жыл барлық әлем үшін үлкен қиындықпен өтуде. Дүниежүзін шарпыған коронавирус пандемиясы біздің елімізді де айналып өтпеді. Осынау қиын кезеңде волонтерлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің атқарып жүрген еңбегі зор. Карантин басталған сәтте облысымызда 1000-нан аса волонтер жемісті қызмет атқарды. Қоғамның әр саласында еңбек еткен волонтерлардың қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі зор. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері уақытпен санаспай қызмет атқарып, тұрғындарға шынайы ақпарат таратты. Аталған кезеңде абыройлы еңбек еткен волонтерлар мен журналистерге бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы ризашылығын білдіріп, ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай Алғыс хаттармен марапаттады.

– Баршаңызды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық  мерекесімен құттықтаймын. Конституциямызда ең басты құндылық ретінде жазылған адам және адам өмірі. Пандемия кезінде адам өмірін сақтау үшін сіздердің үлесіңіз жоғары. Қоғам өмірінде орныңыз ерекше. Осы кезеңде журналистер қауымы халықты дүрбелеңге салмай, бірауыздан ресми ақпарат таратып, халыққа маңызды ақпарат жеткіздіңіздер. Сөйтіп өз қызметтеріңізді абыройлы атқардыңыздар. Былтыр Президенттің Үндеуімен еріктілер қозғалысы жанданды. Осы жыл еріктілер үшін маңызды жыл болды. Өңірімізде 1000-нан аса ерікті бар. Олар күні-түні өз уақыттарымен санаспай, бізге көмектесті. 1200 адамға дәрі-дәрмек, 7000-нан аса отбасыға азық-түлік, 300 мыңнан аса бетперде үлестірдіңіздер. Медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз еттіңіздер. Кейбір еріктілер өз өмірін қауіпке тігіп, медициналық ұйымдарда еңбек етті. Әрине, бұл сіздердің халыққа деген үлкен құрметтеріңіз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы  бір топ еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Алғыс хаттар тапсырды. Олардың қатарында әріптесіміз, «Жайық үні» газетінің дизайнері Арайлым Тлепбергенова да бар. Арайлым Сырымқызы «Жайық үні» газетінің тәжірибелі қызметкері. «Жайық үні» ЖШС-нда тапжылмастан он бес жылдан аса уақыт жемісті еңбек етіп келеді. Өз ісіне шынайы берілген, адал, еңбекқор әріптесіміз қандай құрметке болса да лайық деп білеміз.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА  

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»