8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2019 2043 0
Қоғам

МЕРДІГЕР МЕН ЕСЕПШІНІҢ «ЫМ-ЖЫМЫ» БІР МЕ?..

               Биылдан бастап «Nur Otan» партиясы жаңғыру аясындағы жаңа жобаларының бірі ретінде мектеп асханаларын жаңғыртып, балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуді қолға алып отыр. Осыған байланысты, кеше «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Давлетжанов бастаған мониторингтік топ Оралдағы екі мектептің асханасына аяқтай барып, қоғамдық бақылау жүргізді.

Алдымен мониторингтік топ қаладағы №1 орта мектепке барды. Бұрынғыдай алдын-ала мектеп басшылығына қоңырау шалып, «тексеру келе жатыр» деп ескерту бұл жолы болған жоқ. Сондықтан шығар, ат-үсті кіріп барған бақылаушы топты  мектеп ұжымы  тосырқай қарсы алды. Аталмыш білім ұясында 1150 бала білім алуда. Соның 473-і бастауыш сыныпта оқиды. Мұндағы 52 бала аз қамтылған, көпбалалы отбасынан. Біз барған сәтте мектеп оқушылары асханаға тамақтануға келе бастады. Балаларға сұйық сорпа мен жұқалап сары май  жағылған нан ғана берілгенін өз көзімізбен көрдік. «Бұдан басқа тағамның түрлері жоқ па?» деп сұрадық. Ас мәзіріне жауапты мердігер «Гумарова» ЖК жұмысына бүгіннен бастап кіріскенін айтты. Топ мүшелері мектеп директоры бекіткен арнайы ас мәзірін таппады. Өкінішке орай, бұдан басқа тағамның түрі асханадан табылмады.

–  Кәсіпкер жұмысына кірісерде 100 пайыз дайындықпен келуі тиіс. Балалар буфеттен жеміс-жидек, ыстық тамақ сатып алуы керек. Мұнда оның бірі де жоқ. Неліктен қарастырылмаған? – деді Мұхтар Серікұлы аталмыш асхананы жалға алушыдан  мән-жайды білмек болып. Кәсіпкер Клара Гумарова жұмысын бүгін ғана бастағанын айтып ақталды. Осы №1 мектеп басшысының міндетін атқарушы Жанғаным Бекматова олқылықтарды таяуда түзейтінін жеткізді. Бір таңқалғанымыз, өзін мектептің есепшісімін деп таныстырған  азаматша  кәсіпкердің жұмысына араласпау керегін, тексеруге болмайтынын айтып, ашуға бой алдырды. Ешқандай ақпарат айтудан бас тартып, қолын бір сілтеген мердігердің де мінез-құлқы тексеруші топтың көңіліне күдік ұялатты. Бұл  тексеріс барысында біз мердігер мен есепшінің ым-жымы бір ме деген ойда қалдық.

Мониторингтік топ мүшесі, медбике Жаңалық Молдағалиеваның айтуынша, мемлекеттік сатып алуды ұтып алған мердігерлер биылдан бастап талапқа сай, жаңа ас мәзірін ұсынуда. Бұрын 100-150 теңге болса, қазір 50 теңге қосылып, күн сайын 1-4 сыныптарға – 150, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына – 200 теңгенің ас мәзірі берілуі тиіс көрінеді. Барлық білім ұйымдарына ортақ ас мәзірі бекітілген.

Мониторингтік топ келесі аялдаған қаладағы №43 орта мектепте кіргеннен-ақ жылылық байқалды. Мектеп басшысы Райхан Биғазиева асхана мәзіріне бірінші кезекте мән беретінін айтады. Жалпы мектепте 496 оқушы білім алуда, бастауыш сыныптардан – 200 оқушы, аз қамтылған, көпбалалы және қамқорлықтағы – 37 оқушы тегін тамақтанады. Он жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан жеке кәсіпкер Абат Киматов құжат жинай алмай жүрген 10 отбасы балаларын өз есебінен тегін тамақтандырады екен. Мектеп бойынша құрылған комиссия оқушыларға берілетін тамақ сапасын айына екі рет тексеріп отырады. Арыз-шағым кітапшасы да жағымды пікірлерге толы. Барлық мектепке ас мәзірі ортақ болғанымен, мұнда ыстық сорпаның жанында салаты, тәтті кампоты бар. Қаладағы №43 мектеп асханасының оқушыларға сапалы әрі денсаулыққа пайдалы ас мәзірін ұсынып отырғанын көріп, риза болдық.  Кәсіпкердің құжаттары да бақылаушы топтың назарына ілігіп, дұрыстыққа көзіміз жетті.

– Мониторингтік топ құрамында депутаттар, ата-аналар комитеті, медбикелер бар. Жыл басталғалы қаладағы 14 мектептің асханасын бақыладық. Өкінішке қарай, кейбір білім ошақтарында ас мәзірі көңіл көншітпейді.  Өйткені көпшілігінде жеміс-жидек пен көкөністерге тиісті деңгейде мән берілмейді, талапқа сай келмейтін тағамдар берілетіні анықталды. Олармен нақты жұмыстар жасалуда, – дейді мониторингтік топ мүшесі Мұхтар Серікұлы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

РЕДАКЦИЯДАН:

Енді бір-екі айдан соң мектептер тағы бір оқу жылын тәмамдайды. Дегенмен уақыт жалғасады. Одан соң жазғы лагерьлердің жұмысы басталады. «Ас – адамның арқауы» демекші, оқушылардың тағамнан  улану, сапасыз өнімді пайдаланып ауруханаға түсу фактілері кездесіп тұрады. Сондықтан, ата-аналарға құлаққағыс! Егер, балаңыз білім алып жүрген мектептің асханасына және ас мәзіріне көңіліңіз толмаса, «Жайық үні» газетіне хат-хабар жолдаңыз. Біз, көкейтесті мәселенің  мән-жайын шешуге «Nur Otan» партиясының жобасы арқылы  көмектесеміз.  zhaik_yni@mail.ru

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
73 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
244 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
431 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
680 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
759 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
864 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
872 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
893 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
910 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1010 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1233 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1549 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1432 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1541 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1530 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1661 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1707 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1653 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1662 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1767 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»