8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2019 3619 0
Спорт

МЕН ОРАЛДЫМ

 
DAZN стримингілік сервисімен келісімшартқа қол қойған орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) спорттық мансабының жаңа бетін бастайтынын айтты.
«Мен оралдым! DAZN-мен мансабымның жаңа парағын бастауға және менің мұрамды бекіте түсуге дайынмын», – деп жазды Головкин Инстаграмда. Тараптар келісімшартқа қол қойылғаны туралы 8 наурызда мәлім еткен болатын. Құжат үш жылға рәсімделген. Бұл уақыт аралығында қазақстандық боксшы барлығы алты рет, яғни жылына екі жекпе-жектен өткізеді. Онымен қоса, 2020 және 2021 жылдары Головкин «GGG Promotions» компаниясындағы боксшылар үшін DAZN-да төрт бокс кешін өткізу мүмкіндігіне ие болады. Геннадий рингке биылғы жылғы маусымның 8-і немесе 16-сы қайта оралатыны жоспарлануда. Оның қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Айта кетейік, Sports.kz сайтының жазуынша, ертең Лос-Анджелесте Головкин мен DAZN стримингілік сервисі бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп, келісімшарт жөнінде ресми жариялайтын болады. DAZN компаниясының әлеуметтік желілерде хабарлаған ақпаратына сәйкес, журналистермен жүздесу дүйсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да басталады. Астана уақытымен наурыздың 11-інен 12-сіне қараған түні сағат 02.30-да.
https://www.inform.kz/kz/men-oraldym-golovkin-zhana-kelisimsharttan-keyin-malimdeme-zhasady_a3505903
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
45 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»