МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен залында өңір басшысы Ғали Есқалиевтің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті.

– Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елге қызмет ету – абыройлы міндет. Алаштың көрнекті қайраткері, үш арысымыздың бірі Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген екен. Әрбір мемлекеттің дамуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Өңіріміз кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары мамандармен танылып үлгерген болатын. Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті әрі кәсіби маман болуын талап етеді. Осындай айтулы мереке мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға және патриотизмін арттыруға ықпал етері сөзсіз. Біз өңірімізде мемлекеттік қызметті тартымды әрі тұрақты ету жолында үш негізгі басымдықты анықтадық. Олар: меритократия қағидасының сақталуы, ашықтық пен жариялылықтың қамтылуы, көрсетілетін қызметтерді цифрландыру. Өңірімізде 4 мыңнан аса мемлекеттік қызметші бар. Меритократия қағидасына және ротацияға сәйкес соңғы екі жылда «Орталық – өңір», «Өңір – орталық» және «облыс – аудан», «аудан – облыс» жүйесі бойынша жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік органдардағы 100-ге жуық басшылық лауазымға осы қағидаттарға сай тағайындалды. Қызметі бойынша жоғарылаған азаматтардың 95 проценті жергілікті кадрлар. Мемлекеттік саясатты қолдап, оны жүзеге асыру жолында еңбек етіп жатқан әрбір мемлекеттік қызметкердің үлесі зор. Қажырлы еңбекті қажет ететін саладағы жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Мемлекеттік қызметші – билік пен халықты жалғайтын алтын көпір. Сондықтан да халыққа қызмет ету міндетімізді бар жауапкершілікпен жалғастыруға шақырамын. Барлығыңызға жаңа табыстар жолында дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақыт тілеймін, – деді өз сөзінде облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов еліміз Тәуелсіздік алған күннен бастап адамның, қоғамның, мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатында экономика, әлеуметтік сала мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. – Кезекті реформалардың нәтижесінде елімізде меритократия, тиімділік және қоғамда есеп берушілік қағидаттарына негізделген бірегей мемлекеттік қызмет моделі қалыптсты. Мемлекеттік қызметке қабылдау тек конкурстық негізде төменгі лауазымдардан басталады. Мансаптық ілгерілеу кәсіби және іскерлік қабілетіне қарай жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшінің бойында бастамашылық, коммуникативтілік, әдептілік, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік сияқты қабілеттердің шоғырлануы – бүгінгі заманауи талап. Сол себепті озық халықаралық тәжірибенің негізінде іріктеу сатысына адамның жеке қабілеттерін анықтау әдісі енгізілді, – деген Болат Әлмұқанұлы мемлекеттік қызметшілерге жауапты қызметте сәттілік тіледі.
Шарада мемлекеттік қызмет ардагері Есберген Әжібаев кәсіби мереке иелеріне құттықтау лебізін білдірді.
– Сырым бабамыз билікке араласа бастағанда Малайсары биге барып, «Маған бата беріңіз» деген екен. Малайсары қартайып қалса керек. Сырымға «Саған үш-ақ сөз айтамын. Ұят. Обал. Борыш. Осы үш сөзді есіңе сақта» депті. Елдің алдында ұятқа қалмау керек. Борыш дегені – азаматтың ата-анасының, ел-халық алдындағы борышы. Адалдық – қазақтың генетикалық кодында бар ұғым. Ал обал дегені – әлсізге, жоқ-жітікке көмектесу дегені. Қазіргі мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар, бәріңізге сол Малайсары бабамыздың сөзін айтқым келеді. Сәттілік тілеймін! – деді Есберген Әжібаев.
Аталған мерекеге орай өңіріміздің бірқатар мемқызметкерлеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, облыс әкімінің алғысхаты, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақовтың атынан алғысхаттар табыс етілді. Жиын соңында жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу