МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ КОНКУРСЫ ӨЗГЕРУДЕ
Мемлекет басшысы қол қойған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына бірқатар түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгерістер негізінде конкурстың бір сатысы қысқарды. Өзгерістерге сай мемлекеттік қызметке орналасу конкурсының өткізілуі туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Аяжан Мырзабаева түсіндірді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Мемлекеттік қызметі туралы Заңымен айқындалғандай, мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Енді үш кезеңдік конкурстық іріктеуден екі кезеңге өту жүзеге асырылуда, яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында екінші ішкі конкурс және жалпы конкурс біріктірілді. Сондай-ақ, жалпы конкурсқа үміткерлер ұсынуға тиіс құжаттар саны сегізден үшке қысқартылған.
– Бұл жаңашылдықтар біріншіден, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін кадрлық шешімдер қабылдауда мемлекеттік органның ұтқырлығын арттыруға септігін тигізсе, екіншіден, мемлекеттік органдардың бос лауазымдарын уақыт созбай толтыруына ықпал етеді. Кнкурс кезеңдерін қысқарту меритократия қағидаттарына теріс әсер етпейді, – деді Аяжан Мырзабаева.
Енгізілген жаңашылдықтың бірі – әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің қажет болған жағдайда әңгімелесуге қашық бейнебайланыс құралдары арқылы өту мүмкіндігінің пайда болуы. Сондай-ақ, үміткердің келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
– Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге шақырылатын байқаушылардың қатары кеңейтілді, енді байқаушы ретінде кәмілеттік жасқа толған республикамыздың әр азаматы, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электронды пошта бойынша персоналды басқару қызметіне хабарлаумен жүзеге асырылады, – деді БҚО-дағы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу