8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2020 1930 0
Без рубрики

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ

Мемлекеттік тілдің мәртебесі дегенді әркім түсінеді, әркім әрқалай ойлайды. Біреулер үшін қазіргі кезде  қазақ тілінің даму қарқыны жаман емес, алайда заң жүзінде нақтылап жазылған тіл мәртебесі қоғамда өз орнымен жұмсалуда деп айту қиын.

Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады.    Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Қоғамда орыс тілінің басымдылығы әлі де түбегейлі жойылып кетпегенін мойынд  ауымыз керек. Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес елімізді мекендеп жатқан барлық халықтың тіліне айналатын күн туды. Мемлекеттік тіл мәртебесіне Қазақстанда тұратын, ауасымен демалатын, суын ішіп, топырағын басқан кез келген азаматтың өз үлесін қосуы – оның азаматтық   және адамдық борышы. Мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруы тиіс. Ол үшін тілді білуді мақсат тұтып, алдына талап қойып ізденіп, ерекше көңіл бөлсе, мемлекеттік тілді меңгерері анық.

Елбасымыз – «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек… Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтар өкілдерінің ана тілінде еркін  сөйлей алуына оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай жасауымыз қажет» деп атап көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.  Әрине, оның ішінде  мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйету сабақтары да бар. Сол сабақтардың нәтижесінде мемлекеттік тілді үйренген өзге ұлт өкілдері де жоқ емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты жағдай жасау – жоспардан түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін мамандардың арнайы қабылданған бағдарлама мен іс-шараларды күнделікті жұмыс барысында тұрақты түрде жүргізуімен бірге күнделікті тұрмыстағы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру баршамызға ортақ міндет, себебі Қазақстан әлемдегі ең мықты, бәсекеге  қабілетті елдердің қатарына ену үшін мемлекеттік тілімізді жоғары мәртебеде ұстауымыз керек.

Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі                             

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»